Атырау, 24 желтоқсан 02:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Оқиға

Аңшы мылтығын көліктің жүксалғышында қалдырған Оқиға

Аңшы мылтығын көліктің жүксалғышында қалдырған

26 тамызға қараған түні «102» операторының пультіне қырағы қала тұрғынынан қоңырау келіп түсті.  Ол «Премьер-сити» тұрғын үй кешенінің ауласында жүксалғышында қару-жарақтар салынған қара көліктің тұрғанын хабарлады. 27 тамыз 2019, 10:09 4 406 рет қаралды
Мұнай алыпсатарына үкім шықты Оқиға

Мұнай алыпсатарына үкім шықты

Биылғы 17 шілдеде Жылыой аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабына (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) сәйкес 3 қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. 27 тамыз 2019, 10:23 4 526 рет қаралды
100 миллиондық кепіл туралы сыбыс расталмады Оқиға

100 миллиондық кепіл туралы сыбыс расталмады

Облыстық білім беру басқармасындағы сыбайлас жемқорлық туралы іс әлі тергелуде. Осы басқарманың бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВ, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВА және Кіші Өнер академиясының жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас есепшісі Назымгүл МӘЖИТОВА бұрынғыша үйқамақта. Білім беру саласына жетекшілік еткен Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВА 100 миллион теңгеге жуық сома төлеп, кепілдікпен босатылды деген сыбыстар расталмады. Сот оны қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты. 21 тамыз 2019, 10:06 4 061 рет қаралды
Пышақтап өлтіріп, зират ішіне тастаған Оқиға

Пышақтап өлтіріп, зират ішіне тастаған

Осынау сұмдық қылмыс қала тұрғындарының есінде шығар: 26 қаңтарда Жұлдыз-2 ықшамауданындағы мұсылмандар зиратының аумағынан зорлықпен өлтірілген белгілері бар, жамылғыға оралған жас әйелдің мәйіті табылған еді. Бұдан басқа, әйелдің мүрдесіне иттер ауыз салған. 21 тамыз 2019, 14:22 5 199 рет қаралды
Сағыздағы кісі өлімі: кінәлі қатаң режимде 11 жыл жаза алды Оқиға

Сағыздағы кісі өлімі: кінәлі қатаң режимде 11 жыл жаза алды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өлтірді, бұзақылық жасады және заңсыз қару сақтады деп айыпталған Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының үш тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл іс «AЖ» оқырмандарына «асаба ісі» ретінде танымал. 15 тамыз 2019, 16:50 5 692 рет қаралды
Оқытушылар «жалған» дипломмен жұмыс жасаған Оқиға

Оқытушылар «жалған» дипломмен жұмыс жасаған

Атырау облысы прокурорларымен жүргізілген тексеру нәтижесінде Мақат ауданының мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ісінде бірнеше заңбұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, екі мұғалімнің «жалған» дипломмен мектепте жұмыс жасағаны белгілі болды.  6 тамыз 2019, 15:36 3 780 рет қаралды
Енді қамауға алуды кім шешеді? Оқиға

Енді қамауға алуды кім шешеді?

Атырауда мамандандырылған тергеу соты іске қосылғалы жыл өтті. Осы сот орнының  төрағасы Бақытгүл ДҮЙСЕБАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, тергеу сотының жұмысы судьялар мен прокурорлардың артық жүктемесін айтарлықтай төмендетті. Әңгіме барысында Дүйсебалиева тергеу изоляторларындағы кейбір сотталушылар неліктен 2 айдан астам уақыт өткізетінін түсіндірді. 6 тамыз 2019, 17:09 5 950 рет қаралды
Алаяқ әйел мұнай саласынан жұмыс тауып беруге уәде берген Оқиға

Алаяқ әйел мұнай саласынан жұмыс тауып беруге уәде берген

№2 Атырау қалалық сотында Махамбет ауданы Алға ауылының 45 жастағы көпбалалы тұрғынына үкім шығарылды. Ол мұнай саласына жұмысқа кіргізуге уәде беріп, адамдардан ақша алып отырған. 3 тамыз 2019, 11:29 3 760 рет қаралды
«Приора» мінген желікпе рекордтық айыппұл төлейді Оқиға

«Приора» мінген желікпе рекордтық айыппұл төлейді

31 шілдеде Атырауда полицияның патрульдік қызметкерлері ереже бұзушылықтар бойынша рекорд орнатқан ресейлік мемлекеттік нөмірі бар «Приора» көлігінің 31 жастағы жүргізушісін тоқтатты. «Кордон-М» радарлық кешені желікпе жүргізушіге тиесілі жылдамдықты арттырған 43 фактіні тіркеді. 1 тамыз 2019, 16:57 3 973 рет қаралды
«Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының» тағы бір мүшесі жазаланды Оқиға

«Рысқалиевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының» тағы бір мүшесі жазаланды

25 шілдеде Атырау қалалық №2 сотында «BNB Construction» ЖШС директоры Бауыржан ТЕМІРАЛИНГЕ қатысты сот отырысы аяқталды. Тергеу жорамалы бойынша, Теміралин Атырау облысының экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ сыбайласы бола отырып, 2008 жылдың шілдесі мен 2009 жылдың тамызы аралығында облыстық және республикалық бюджеттен 2 миллиардтан астам теңге қаржы ұрлаған. Соңғы сот отырысы туралы толығырақ «АЖ» мақаласынан оқыңыздар. 30 шілде 2019, 18:52 4 190 рет қаралды
Офицер есірткілі фломастер үшін жазаланды Оқиға

Офицер есірткілі фломастер үшін жазаланды

Атырау қалалық №2 соты ҚК-нің 296-бабының 2-тармағы (есірткілік заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау) бойынша айыпталған ерлер түзету колониясы (УГ-157/9 мекемесі) жасағының бастығына қатысты үкім шығарды. 25 шілде 2019, 10:43 3 385 рет қаралды
Басылсайшы, бауырым Оқиға

Басылсайшы, бауырым

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты немерелес бауырына ұрыс-керіс кезінде пышақ салып өлтірген азамат Е.И.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы бойынша (кісі өлтіру) үкім шығарды. 11 шілде 2019, 14:41 3 954 рет қаралды
Аса ірі мөлшердегі есірткі үшін 11 жыл жаза алды Оқиға

Аса ірі мөлшердегі есірткі үшін 11 жыл жаза алды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы (Аса ірі мөлшердегі есірткілік заттарды өткізу) бойынша айыпталған азамат К.-ға қатысты үкім шығарды. 1 шілде 2019, 13:34 3 569 рет қаралды
Атырау тұрғыны Самара кеденінде 50 мың еуромен ұсталды Оқиға

Атырау тұрғыны Самара кеденінде 50 мың еуромен ұсталды

Былтыр 25 жастағы Атырау тұрғыны Самараның халықаралық әуежайында (РФ) Чехиядан үйіне әкеле жатқан, декларацияланбаған 50 мың еуромен ұсталған еді. Енді ол көп ұзамай ресейлік сот алдында жауап береді. 25 маусым 2019, 10:48 2 814 рет қаралды
Атырау прокуратурасының қызметкері еңбек демалысы кезінде ұсталған Оқиға

Атырау прокуратурасының қызметкері еңбек демалысы кезінде ұсталған

11 маусымда Ақтауда Бас прокуратураның ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесе отырып, алаяқтық жасады деген күдікпен Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан ҚАРАТАУДЫ ұстады. Ол «қызмет бабын пайдаланып, ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдіктелуде», - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.   14 маусым 2019, 16:23 4 697 рет қаралды
Қайыршыны құл қылған кімдер? Оқиға

Қайыршыны құл қылған кімдер?

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы «Дина» базарының алдында қайыр сұрап отырған мүгедек жігіттің 2010 жылдан бері құлдықта жүргенін айтып, адамдардан өзіне көмектесуін сұраған бейнежазбасы кеңінен талқылануда. Қала тұрғындары оны бірден таныды, өйткені осы жерде көп уақыттан бері отырады. Полицейлерге де таныс шығар: наурыздың аяғында теміржол вокзалының көлік қоятын жерінде «Жолда қабылдау» акциясы өткен кезде бұл адам сол жерге жақын маңда «жұмыс істеді». Бейнежазба 26 сәуір 2019, 10:11 5 702 рет қаралды
Ұрылар мен алыпсатарлар Оқиға

Ұрылар мен алыпсатарлар

Полицейлер Атырауда Жеңіс саябағы мен «Көктем» базары маңындағы дренаж жүйесінің металл торларын ұрлаумен айналысқан жергілікті екі тұрғынды ұстады. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде осы фактілерге назар аударғаннан кейін ғана бұл қылмыстың беті ашылды. 39 темір тор тәркіленді, оларды ұрылар металл сынығын қабылдау қосындарына тапсырып үлгерген екен. Сурет 26 сәуір 2019, 11:02 3 475 рет қаралды
Адам ұрлап, құн талап еткен Оқиға

Адам ұрлап, құн талап еткен

Әлеуметтік желілерде ҰҚКД арнайы жасағы қызметкерлерінің Авангардтағы бес қабатты үйдің ауласында үш ер адамды шалшыққа етпетінен жатқызып, күштеп ұстағаны түсірілген бейнежазба тарап кеткен. «АЖ»-ға белгілі болғандай, бұлар  еш шімірікпестен адам ұрлап, құн талап етіп жүрген«салафизм» діни ағымын ұстанушылар екен. Бейнежазба 24 сәуір 2019, 14:07 4 974 рет қаралды
188 миллионға жалтарушы және жалған ақшалар Оқиға

188 миллионға жалтарушы және жалған ақшалар

Атырау облыстық экономикалық тергеу департаменті осы жылдың бірінші тоқсанында 25 қылмыстық іс қозғады. Оның 17-сі - ауыр қылмыстар. 1 млрд 178 млн теңге көлемінде зиян анықталды, оның 1 млрд 177 млн  теңгесі бюджетке өтелді. Бұл туралы департаменттің профилактикалық жұмыстар басқармасының басшысы Қаһарман ЖӘРДЕМОВ хабарлады. 22 сәуір 2019, 17:54 6 282 рет қаралды
Таза мақаттық кісі өлтіру Оқиға

Таза мақаттық кісі өлтіру

Әлеуметтік желілерде сұмдық бейнежазба таралуда. Көліктердің жанында тұрған ер адамға бір қара киімді кісі жақындап, шолақ мылтықтан оқ атып, қашып кетеді. Бұл оқиға Атыраудағы Привокзальный ықшамауданында болған. Толықтырылды Бейнежазба 18 сәуір 2019, 20:17 7 858 рет қаралды
Ұрып өлтіріп, жағалауға жерлеген Оқиға

Ұрып өлтіріп, жағалауға жерлеген

9 сәуірде Атырауда жауыздықпен кісі өлтіру оқиғасы орын алды. Атырау облыстық Полиция департаментінің және ҰҚК департаментінің қызметкерлері бірлесіп, аса ауыр қылмысты ашты. Ұсталған күдіктілер (олар төртеу болған) мүрдені көмген жерді көрсетті. 12 сәуір 2019, 12:09 5 293 рет қаралды
Айнаға таласқан бойжеткендер Оқиға

Айнаға таласқан бойжеткендер

Атырау облысында 25 наурыз бен 1 сәуір аралығында 111 қылмыс жасалды, оның 102-сі облыс орталығында орын алған. Қылмыстық хроника бойынша ұрлық (74) көш бастап тұр, алаяқтық (9), бұзақылық (8). ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша үш іс қозғалған. Заңгерлер ұсақ бұзақылық деп бағалаған оқиға әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызған болатын. Атырауда «BAIZAAR» ОСО түсірілген бейнежазбада ерегескен екі бойжеткен жұлқысып жатыр. Ал жанжал түкке тұрғысыз нәрседен басталған екен. Бейнежазба 2 сәуір 2019, 20:35 3 275 рет қаралды
Әкімнің бұрынғы орынбасары Сайлауова тергеу абақтысына қамалды Оқиға

Әкімнің бұрынғы орынбасары Сайлауова тергеу абақтысына қамалды

«AЖ»-ға белгілі болғандай, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА қатысты екі айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ол бес мектеп-интернаттың асханаларына жиһаз жеткізу туралы келісім жасасқаны үшін ЖШС-лердің бірінен 5,1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. 5,1 миллион – бұл келісімшарт сомасының 15 пайызы (34,1 миллион). 26 наурыз 2019, 14:20 5 328 рет қаралды
Өлген адамның үкімі Оқиға

Өлген адамның үкімі

Осы жылдың қаңтар айында Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, өзге мүлікті заңсыз иемденіп алу және т.б. қатысты айыпталған Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВҚА, оның інісі Аманжан РЫСҚАЛИ мен тағы 6 айыпталушыға қатысты үкім шығарды. Жақында облыстық сот алқасы қорғанушы тараптың апелляциялық шағымдарын қарап шығып, оларды қанағаттандырмады. Бұдан басқа, сырттай сотталғандардың бірінің соттан көп уақыт бұрын о дүниелік болғаны да анықталды. 24 наурыз 2019, 15:22 4 117 рет қаралды
Полицейлердің қарымтасы ма? Оқиға

Полицейлердің қарымтасы ма?

Жаңа 2019 жыл Атыраудың күш құрылымдары үшін сырт қарағанда әдеттегідей көрінетін эпизодтан басталды. Бірақ іс жүзінде ол қатардағы жағдай болмай шықты. 2 қаңтарда сағат 03:53-те Махамбет-Уәлиханов көшелерінің қиылысында арнайы 4 көлікпен полиция қызметкерлері Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Өмірбек НӘЖІМОВ жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатады. Нәжімов мұнайлы астананың полицейлерімен жақсы «таныс»: бұрын оның тікелей қатысуымен Атырау қалалық ІІБ бастығының орынбасары Ж.Қайралапов, көші-қон полициясының бөлім бастығының міндетін атқарушы А.Мәукенов және полицияның жоғары шенді басқа да қызметкерлері ұсталған болатын. Сурет 23 наурыз 2019, 00:00 4 410 рет қаралды
Таңғы төбелес Оқиға

Таңғы төбелес

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 10 наурызда таңертеңгі сағат 8-де Атырауда «Sky Bar» клубының жанында он шақты ер адам жаппай төбелесіп қалды. Куәгерлердің айтуынша, төбелес клубта басталып, кейін көшеге шығып жалғастырған. Полиция шақырылып, бұзақыларды қалалық ішкі істер бөліміне алып кетеді. Бағына қарай, ешкім ауыр зақым алған жоқ. 16 наурыз 2019, 11:24 2 666 рет қаралды