Атырау, 25 қараша 12:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қайыршыны құл қылған кімдер?

Бейнежазба
5 508 просмотра


Әлеуметтік желілерде Атыраудағы «Дина» базарының алдында қайыр сұрап отырған мүгедек жігіттің 2010 жылдан бері құлдықта жүргенін айтып, адамдардан өзіне көмектесуін сұраған бейнежазбасы кеңінен талқылануда. Қала тұрғындары оны бірден таныды, өйткені осы жерде көп уақыттан бері отырады. Полицейлерге де таныс шығар: наурыздың аяғында теміржол вокзалының көлік қоятын жерінде «Жолда қабылдау» акциясы өткен кезде бұл адам сол жерге жақын маңда «жұмыс істеді».

- 2010 жылы материалдық жағдайымды жақсартуға уәде берген адамдармен таныстым. Содан кейін олар қайыр сұрауға мәжбүрледі. Олар бұрынғы химзауыт маңында тұрады, өздері шымкенттік күрдтер. Қожайын әйел құжаттарымды алып қойды. Ал оның ұлы күн сайын осы жерге алып келіп, кешке алып кетеді. Адамдар садақаны жақсы береді, күніне шамамен 10 мың теңгедей түседі. Бірақ ақшаның бәрін алып қояды, - дейді өзін камераға түсіріп тұрған жігітке, сосын өз «қожайындарының» атын атайды.

Бұл ролик тәртіп сақшыларының да назарын аударды. Бізге Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 126-бабы (Бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

Айтпақшы, еске сала кетейін, 2017 жылдың қазанында полицейлермен бірге қайыр сұраушыларға рейд жүргізген кезде «АЖ» тілшісі осы жігітпен тілдескен еді. Сол кезде де жігіт қазіргі айтқан сөздерін: өзін  «Дина» базарында сауда жасайтын Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Шымкенттен әкелгенін, бүкіл ақшасын алып қоятынын айтқан болатын. Сол кезде оны полицейлер алып кеткенімен, ештеңе өзгермеген ғой. Бұл хикая қайталанып отыр. Енді не болатынын көреміз.


Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желілерден алынған бейнежазба

«АЖ» мұрағатынан алынған сурет

26 сәуір 2019, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.