Атырау, 20 сәуір 15:37
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мұнай алыпсатарына үкім шықты

4 278 просмотра


Биылғы 17 шілдеде Жылыой аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабына (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) сәйкес 3 қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.

2017 жылдың ақпан айында коммерциялық директор болып жұмыс істеген сотталушы С. белгісіз адамнан 18 млн теңгеге 180 тонна дизель отынын және 158 миллион теңгеге 2200 тонна мазут сатып алған. Кейін ол мазут пен дизельді қымбат бағаға қайта сатады.

Өткен жылдың басында С. тағы да 383 миллион теңгеге 5477 тонна мазут пен 450 миллион теңгеге 3641 литр жазғы дизель мен 4504 тонна қысқы дизель сатып алады. Тауарды қайта сатқан ол 2 миллиард теңгеден астам пайда табады. Осы сызба бойынша ол тағы да 28 миллион теңгеге өнім сатып алып, қайта сатқан. Кейінірек ол қамауға алынды.

Тергеу барысында сатушының жеке басы анықталмады. Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің тергеушілері Атырау-Құлсары тас жолының бойынан мұнайхимия қоймасын тапты, бірақ мыңдаған тонна мұнай өнімдерін жайбарақат сатқан құпия мұнай магнаты әлі табылған жоқ...

Аудандық соттың үкімімен азамат С. кінәлі деп танылып, 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын алды.

Фархат ӘБІЛОВ

27 тамыз 2019, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.