Атырау, 26 сәуір 10:50
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Айнаға таласқан бойжеткендер

Бейнежазба
2 968 просмотра


Атырау облысында 25 наурыз бен 1 сәуір аралығында 111 қылмыс жасалды, оның 102-сі облыс орталығында орын алған. Қылмыстық хроника бойынша ұрлық (74) көш бастап тұр, алаяқтық (9), бұзақылық (8). ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша үш іс қозғалған. Заңгерлер ұсақ бұзақылық деп бағалаған оқиға әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызған болатын. Атырауда «BAIZAAR» ОСО түсірілген бейнежазбада ерегескен екі бойжеткен жұлқысып жатыр. Ал жанжал түкке тұрғысыз нәрседен басталған екен.

- Бұл 27 наурызда болған оқиға. Шақыртумен келген полицейлер аяқ киім бутигінде айна алдындағы орынды бөлісе алмаған бірі - 22, енді бірі - 20 жастағы Атырау тұрғындарының жанжалы үстінен түскен. ОСО күзетшілерінің көмегімен олардың екеуі де бөлімшеге жеткізілді, - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі. – Бутик иесінің шағымы бойынша өзіне тіл тигізген 22 жастағы бойжеткеннің үстінен ҚР ӘҚБ кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырылды. 

- Алайда іс мұнымен біте қоймаған, ашуға булыққан бойжеткендер оқиға орнына келген полицейлерге де дөрекілік танытқан, олардың екеуіне де қатысты ӘҚБ  кодексінің 667-бабы (Құқық қорғау органы қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау) бойынша әкімшілік іс жүргізілген.

Тағы бір әкімшілік құқық бұзушылық Махамбет кентінде тіркелді. Онда жергілікті тұрғын өз ауласындағы құрғақ шөптерді өртейді. Ал, жуылған кірлерін ауласына жайған көршісі түтіннің кірлерін басып қалғаны үшін шағымын білдірген. Полицейлердің араласуына ұласқан дау өрт қауіпсіздігін сақтамаған көршінің 12 625 теңге айыппұл  төлеуімен аяқталған.

Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желідегі бейнежазба

2 сәуір 2019, 20:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.