Атырау, 16 сәуір 23:21
 ашықВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Өлген адамның үкімі

3 800 просмотра


Осы жылдың қаңтар айында Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, өзге мүлікті заңсыз иемденіп алу және т.б. қатысты айыпталған Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВҚА, оның інісі Аманжан РЫСҚАЛИ мен тағы 6 айыпталушыға қатысты үкім шығарды. Жақында облыстық сот алқасы қорғанушы тараптың апелляциялық шағымдарын қарап шығып, оларды қанағаттандырмады. Бұдан басқа, сырттай сотталғандардың бірінің соттан көп уақыт бұрын о дүниелік болғаны да анықталды.

ЖЕДЕЛ СОТ

Үкімнен кейін қорғанушы тарап 3 апелляциялық шағым берді – бірі үкімнен кейін екі аптадан соң, тағы екеуі - 17 наурызда апелляциялық сатыдағы сот қарсаңында жіберілді. Оларды қарау 3 күнге созылып, үкім өзгеріссіз қалдырылды. Өз шағымында Б.Рысқалиевтың адвокаты Саян ЖҮНІСБАЕВ алдын ала тыңдау кезінде, атап айтқанда, өткен жылдың қазанында өзіне барлық іс материалдарымен (754 том, заттай айғақтар) толық және мұқият танысу үшін жеткілікті уақыт беру туралы өтініш жасағанын еске салды.

Адвокат сол кезде 11 ай сұрады, бірақ сот тек 15 күн қосты. Жүнісбаев мұны қорғаныс құқығының бұзылғаны деп есептейді. Өзінің апелляциялық шағымында ол сот отырысы барысында 100-ден астам куәгерлерден жауап алынғанын, қорғану іс жүзінде формальды болғанын, дайындалуға уақыт болмағандықтан, Рысқалиевтың пайдасы үшін маңызды сұрақтар қоя алмағанын көрсеткен.

Осыған байланысты адвокат апелляциялық шағымында соттың қылмыстық істі біржақты тәртіпте жедел қарау туралы бір ғана мақсаты болғанын айтады. Оның айтуынша, мұндай көлемді іс өте қысқа уақытта – бар болғаны 2018 жылдың қазан-желтоқсан айында үзіліспен 37 жұмыс күнінде қаралған, осы уақыттың 12 күнінде прокурордың айыптау актісі жарияланған.


ОРЫНДЫҚТАҒЫ БІР ОРЫН БӘРІБІР БОС ТҰРАР ЕДІ

Апелляциялық шағымда сырттай сотталушылардың бірі – 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған Мұрат ЖЕЛДІБАЕВ 2015 жылы қайтыс болғаны, оның Киевте жерленгені, мұны жерлеу рәсіміне қатысқан бұрынғы зайыбы Т.Желдібаева мен ұлы М.А.-ның растағаны айтылған. Бұдан адвокат сотталушылардың жеке деректерін анықтауға бағытталған сотқа дейінгі қажетті тергеу іс-қимылдары жүргізілмеген, олардың қай жерде екенін анықтау бойынша жеткілікті шаралар алынбаған деген тұжырым жасады.

Жүнісбаевтар апелляциялық сотқа 5 өтінішхат, соның ішінде іспен танысу үшін жеткілікті уақыт беру туралы; бірінші сатыдағы сотта жауап алынбаған негізгі куәгерлерді шақыру туралы, өйткені сот олардың тергеу жауаптарын жария етумен шектелгенін; Т.Желдібаевадан М.Желдібаевтың қайтыс болуына қатысты жауап алу туралы; 2014 жылдың 14 қарашасындағы үкім бойынша өтелген және өтелмеген шығын сомалары және сотталушылардың мүліктерінің құны туралы ресми мәліметтерді талап ету жөнінде өтінішхаттар берген. Сот барлық өтініштерді қанағаттандырудан бас тартқан.

Енді қорғанушы тарап кассациялық шағым дайындауда.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

24 наурыз 2019, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.