Атырау, 19 қараша 10:35
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Атырауда Бергей Рысқалиевқа қатысты сырттай сот процесі басталды

Сурет Бейнежазба
7 783 просмотра


Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ескі редакциядағы ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше баптары, соның ішінде, 235-бабы («Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу»), 176-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету), 193-бабы («Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлiктi заңдастыру») бойынша айыпталушы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ, оның інісі Аманжан РЫСҚАЛИҒА, күйеу баласы Рүстем ӘЛБАҚАСОВҚА және тағы 6 фигурантқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өткізілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтап, 24 ақпанда заңға сәйкес БАҚ арқылы Б.Рысқалиев пен басқа да айыпталушыларға 2018 жылдың 2 наурызында, одан кейін 31 наурызында жауап алу үшін келу қажеттігі туралы хабардар етті. Дегенмен, белгіленген уақытта Б.Рысқалиев, А.Рысқали, Р.Әлбақасов, Е.Ізбасар, Н.Жолмағамбетов, А.Даневич, М.Желдібаев, А.Сүлейменов және Б.Теміралин келмеді және келуге кедергі болған себептер туралы хабардар етпеді.


- Алдын ала тыңдауға қатысушылар, Сіздердің арыздарыңыз бен өтінішхаттарыңыз бар ма? – деп сұрады төрағалық етуші судья Тыныштық НҰРЫМОВА. Ағайынды Рысқалиевтардың, Әлбақасовтың, Ізбасаровтың және Даневичтің адвокаты Саян ЖҮНІСБАЕВ, өз өтінішхатын мәлімдеді:

- Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін мен тергеуші Асылбек ҚҰТТЫБАЕВҚА қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін маған жеткілікті уақыт беруін сұрап, жазбаша өтініш жасадым - бұл заттай дәлелдер, аудио-бейнежазбалары бар 754 томдық іс. Бірақ тергеуші тек 700 томын берді. Сондықтан сізден іс материалдарымен, заттай дәлелдермен және аудио-бейне жазбалармен мұқият және толық танысу үшін 11 ай уақыт беруіңізді сұраймын. Екіншіден, прокуратура маған айыптау актісінің көшірмесін бермеді.

Прокурор бұған қатысты, ҚІК іс материалдарымен осындай ұзақ танысып шығуды қарастырмайтынын, себебі бұл сот істі созу болатынын мәлімдеп, оған қоса іспен танысқандығы туралы қорғау тарапының қолдары бар екенін, сондықтан істің сотқа жіберілгенін айтты.


Судья адвокат Жүнісбаевтың өтінішін ішінара қанағаттандырып, іс материалдарымен танысу үшін 15 күн уақыт берді. Негізгі сот талқылауының басталуы 18 қазанда айыпталушылардың қатысуынсыз өтеді.

2014 жылы өткен бұрынғы әкім Бергей Рысқалиев командасының ұзақ және бұрын-соңды болмаған ауқымды сот процесінің қысқаша хроникасын мына жерден оқыңыздар.


Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

4 қазан 2018, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.