№2 қалалық соты қарамағындағылардан жүйелі түрде пара алып отырған Атырау полициясы басқармасының басшыларына қатысты үкім шығарды.
Сот 38 жастағы полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Д.Жұмашев пен 31 жастағы ЖПҚ бөлімінің бастығы, аға лейтенант Р.Балтаевтың жалпы қамқорлыққа алғандары үшін қарамағындағылардан жүйелі түрде пара алып отырғанын анықтады. Сондай-ақ, полицейлер басшыларына өздерінің сыйақыларының 50%-ын беруге мәжбүр болған.
Сот үкімімен Жұмашевқа 481 мың теңге, Балтаевқа - 840 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сотталушылар өмір бойына мемлекеттік қызмет лауазымында жұмыс жасау құқығынан да, арнайы шендерінен де айырылды.
Фархат ӘБІЛОВ