Атырау, 9 шілде 02:16
 ашықВ Атырау +32
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

Офицер есірткілі фломастер үшін жазаланды

3 188 просмотра


Атырау қалалық №2 соты ҚК-нің 296-бабының 2-тармағы (есірткілік заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау) бойынша айыпталған ерлер түзету колониясы (УГ-157/9 мекемесі) жасағының бастығына қатысты үкім шығарды.

Сотта анықталғандай, 5 мамырда колония қызметкерлері жұмысқа келген 26 жастағы офицерден салмағы 17 грамм кептірілген марихуана салынған екі фломастер тауып алған.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Ол жұмысқа барар жолда фломастер тауып алғанын, ішінде есірткі бар екенін білмегенін, ал тергеу кезінде сотқа дейін бостандықта қалу үшін ғана мойындап куәлік бергенін айтты.

- Сот оны кінәлі деп танып, 50 АЕК (126 мың 250 теңге) көлемінде айыппұл жазасына кесіп, арнайы шенінен айырды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Облыстық прокуратурада хабарлағандай, жыл басынан бері облыстағы бас бостандығынан айыру орындарында жиынтықтарымен қоса 80-нен астам ұялы телефондар табылды. Есірткілік заттарды алып өтпек болған екі әрекетке жол берілмеді.

Фархат ӘБІЛОВ

25 шілде 2019, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.