Атырау, 5 желтоқсан 11:32
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда кәмелетке толмағандарды зорлады деген күдікпен үш адам ұсталды

4 558 рет қаралды


Өткен аптада Атырауда жасөспірім қыздарды зорлады деген күдікпен үш ер адам ұсталды.

- Сот санкциясымен 1999, 1984, 1985 жылы туған күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл істі тергеу барысы облыс прокурорының бақылауында, - деп хабарлады облыс прокурорының аға көмекшісінің міндетін атқарушы Дәулет АЙМАҒАМБЕТОВ.

Қазіргі уақытта Атырау облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұдан басқа, тергеу барысында кем дегенде екі адамның зорланғаны анықталды.

Еске салсақ, бұл соңғы айда Атырауда балаларға қатысты зорлық-зомбылық тіркелген екінші факті. 4 тамызда қалада кішкентай қызға сексуалдық зорлық жасады деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталған болатын. Тергеу амалдары жалғасуда.

Фархат ӘБІЛОВ

26 тамыз 2019, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.