Атырау, 13 шілде 07:53
 дождьВ Атырау +24.4
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05

Атырауда педофил ұсталды

4 486 рет қаралды


4 тамызда Атырауда кішкене қыз балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған ер адам ұсталды. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған 44 жастағы қала тұрғыны 5 жас шамасындағы қыз балаға азғындық әрекет жасады деп күдіктелуде.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы,  4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша қылмыстық іс көтеріліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 тамыз 2019, 19:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.