Атырау, 20 сәуір 18:06
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сот хроникасы

2 487 просмотра


№2 қалалық сот өткен жылдың қараша айында жол жиегімен кетіп бара жатқан әйелді қағып кеткен Атырау тұрғынына қатысты үкім шығарды. Зардап шеккен әйел орташа ауырлықтағы жарақатпен ауруханаға түскен еді.

Сот З.Ф. ҚК 345-бабы 1-ші бөлімі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл мерзімге транспорт құралдарын жүргізу құқығынан айыра отырып, 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа үкім етті. «Үкімді шығару барысында оның қамқорлығында мүгедек інісі мен анасының бар екендігі ескерілді», - деп хабарлайды №2 соттың баспасөз қызметі.

***

№2 қалалық сот ҚР ҚК 188-бабы 3-ші бөлімі (Ірі көлемдегі ұрлық) бойынша Г.К. қатысты үкім шығарды.  

Сотта Г.К. қала маңындағы Құрсай селосында жаңа жыл түні жеке үйлердің біріне терезе арқылы түсіп, 1 млн. 475 мың теңге және 490 мың теңге болатын алтын әшекейлерді ұрлап әкеткен. «Сотталушы өз кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді», - деп хабарлады №2 соттың баспасөз қызметі. Ол кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.  

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

4 сәуір 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.