Атырау, 6 шілде 00:25
 ашықВ Атырау +35
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

Оқытушылар «жалған» дипломмен жұмыс жасаған

3 618 просмотра


Атырау облысы прокурорларымен жүргізілген тексеру нәтижесінде Мақат ауданының мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру ісінде бірнеше заңбұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, екі мұғалімнің «жалған» дипломмен мектепте жұмыс жасағаны белгілі болды. 

Облыстық прокуратурадан хабарлағандай, екі оқытушының жоғарғы оқу орындарын аяқтағандығы жөнінде жалған дипломды пайдалану  дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 385 бабының 3 бөлігімен (Көрiнеу жалған құжатты пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта олар жағымсыз негіз бойынша жұмыстан босатылды.

Прокурорлық тексеру №2 бастауыш мектептің оқушысы елордадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығында болған кезінде оған ауылда үш апталық сабақтың жүргізгендігі жазылып, сол үшін оқытушыларға еңбекақы төленгенін де анықтады.

Мұнымен бірге, оқытушылардың еңбекақысына қосымша бойынша жалпы сомасы 21,5 млн. теңге бережақ бар екені анықталды.

Қадағалау актісі бойынша оқу орындарының 8 басшысы мен 3 мұғалімі әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Еңбекақы бойынша берешекті төлеу үшін қосымша қаржыландыруға өтініш беріліп, оны аудандық маслихаттың кезекті отырысында қарау жоспарланды. 

Фархат ӘБІЛОВ

6 тамыз 2019, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.