Атырау, 29 наурыз 05:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Адам ұрлап, құн талап еткен

Бейнежазба
4 691 просмотра

Бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде ҰҚКД арнайы жасағы қызметкерлерінің Авангардтағы бес қабатты үйдің ауласында үш ер адамды шалшыққа етпетінен жатқызып, күштеп ұстағаны түсірілген бейнежазба тарап кеткен. «АЖ»-ға белгілі болғандай, бұлар  еш шімірікпестен адам ұрлап, құн талап етіп жүрген «салафизм» діни ағымын ұстанушылар екен.

Атырау облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасында оқиғаға қатысты былай деп хабарлады: «1990 және 1991 жылғы үш азамат 16 сәуірде Өзбекстан азаматы С.Я.-ны күш қолданып, пәтерінен алып кеткен. Содан кейін ұрланған адамның досы, Өзбекстан азаматы М.С.-дан 300 мың теңге бопсалай бастаған. Бұдан бұрын қаскөйлердің М.С.-дан 100 мың теңге көлемінде ақша алғаны анықталды».

Ұсталушылардан жәбірленушілердің ақшалары мен заттары және ұрланған жігітті ұрып-соққан нунчаки мен жәбірленушінің біріне тиесілі «Лада Ларгус» көлігінің кілті тәркіленді. Үшеуіне қатысты адам ұрлау және бопсалау фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Материалдар әрі қарай тергеу үшін Полиция департаментіне жолданды.

19 сәуірде Атырау мамандандырылған тергеу соты күдіктілерді 2 ай мерзімге тергеу абақтысына қамауға санкция берді. Олар қылмыстарын мойындап отыр.



Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желілерден алынған бейнежазба

24 сәуір 2019, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.