Атырау, 20 сәуір 07:12
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау тұрғыны Самара кеденінде 50 мың еуромен ұсталды

2 629 просмотра


Былтыр 25 жастағы Атырау тұрғыны Самараның халықаралық әуежайында (РФ) Чехиядан үйіне әкеле жатқан, декларацияланбаған 50 мың еуромен ұсталған еді. Енді ол көп ұзамай ресейлік сот алдында жауап береді.

Айыптау қорытындысында: «ҚР азаматы «қолындағы ақша сомасы декларациялануы керек екендігін түсіне отырып, «жасыл» дәліз арқылы «Курумоч» әуежайында кедендік бақылаудан өткен», бірақ оны самаралық кеден қызметкерлері ұстады» делінген.

Жерлесімізге қатысты РФ ҚК-нің 200-бабының 1-тармағы («ЕурАзЭО аясында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны заңсыз өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелді және сотқа жолданды. Осы бап бойынша санкциялар - заңсыз өткізілген ақша сомасының 3 еседен 10 есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу  немесе 2 жылға бас бостандығын шектеу.

Ресейде де, Қазақстанда да декларациясыз елге әкелу-алып өтудің ең жоғарғы сомасы – 10 мың доллар.

Фархат ӘБІЛОВ

25 маусым 2019, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.