Атырау, 6 шілде 00:15
 ашықВ Атырау +35
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

Алаяқ әйел мұнай саласынан жұмыс тауып беруге уәде берген

3 599 просмотра


№2 Атырау қалалық сотында Махамбет ауданы Алға ауылының 45 жастағы көпбалалы тұрғынына үкім шығарылды. Ол мұнай саласына жұмысқа кіргізуге уәде беріп, адамдардан ақша алып отырған.

Тергеу барысында анықталғандай, әйел Атыраудың 13 тұрғынын алдап, 50 мың теңгеге оларды «ҚазМұнайГаз» АҚ-на жұмысқа кіргізуге уәде берген. Алаяқ әйел әр жәбірленушіден аванс ретінде алдын ала 30 мың теңге алған, ал қалған 20 мың теңгені вахтадан келген соң алуға келіскен. Ақшаны шотына аударғаннан кейін әйел уәдесін орындамайды.

Бір қызығы, әйел бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын алған.

Сот әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабында (Алаяқтық) қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын берді.

- Сот үкім шығарған кезде сотталушының өкінгенін, оның кәмелетке толмаған 6 баласы бар екенін ескерді. Ол сонымен бірге жәбірленушілерге алаяқтық жолмен алған ақшаларын қайтаруы тиіс, - дейді соттың баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

3 тамыз 2019, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.