Атырау, 9 шілде 03:23
 ашықВ Атырау +32
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

«Приора» мінген желікпе рекордтық айыппұл төлейді

3 723 просмотра
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі ұсынған сурет

31 шілдеде Атырауда полицияның патрульдік қызметкерлері ереже бұзушылықтар бойынша рекорд орнатқан ресейлік мемлекеттік нөмірі бар «Приора» көлігінің 31 жастағы жүргізушісін тоқтатты. «Кордон-М» радарлық кешені желікпе жүргізушіге тиесілі жылдамдықты арттырған 43 фактіні тіркеді.

- Ақылды техника оның соңғы екі айдағы ереже бұзушылықтарын тіркеп алды. Жедел басқару орталығына сигнал түскеннен кейін, бейнебақылау жүйесінің операторлары көлікті қалалық автомобильдер ағыны арасынан бақылап, жақын маңдағы патрульге бағдар берді. Полицейлер ереже бұзушыға тиесілі айыппұлдардың жалпы сомасы 782 750 теңге екенін белгіледі, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізушімен мұндай жағдайды алдын алу туралы әңгіме жүргізіліп, оған апта ішінде айыппұлын өтеген кезде 50% жеңілдік берілетін төлеу әдісі түсіндірілді. Оның көлігі айып тұрағына қойылды.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың тамызында 64 жастағы зейнеткер бір ай ішінде көлік жылдамдығын арттырып, 26 рет бейнекамераға түскен еді. Сол кезде оған 475 мың теңге айыппұл салынды. Алайда, ол жеңілдікті пайдаланып, бюджетке 228 мың теңге төледі.

Еске салсақ, өткен жылы Атырау облысында 17 «Кордон-М» және 4 интеллектуалды камераның көмегімен 32879 жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы тіркеліп, айыппұлдардың жалпы сомасы 260 миллион теңгені құрады.

Фархат ӘБІЛОВ

1 тамыз 2019, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.