Атырау, 18 сәуір 12:33
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Нашақорлар «Динадағы» өзбек сатушыларды бопсалаған

4 050 просмотра


№2 Атырау қалалық соты «Дина» базарында сатушыларды қорқытып бопсалаған жергілікті төрт тұрғынға қатысты үкім шығарды.

Сотта 28 жастағы Т.М., 27 жастағы А.Н., 34 жастағы Ж.Б. және 32 жастағы Б.А. қорқыту және қоқан-лоқы жасау арқылы сатушылардан - Өзбекстан азаматтарынан үнемі ақша алып, өздеріне есірткі алуға жұмсаған. Бұдан басқа, төртеуі де дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар екен. Оларды ҰҚКД қызметкерлері ұстады.

№2 қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушылар ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-тармағының 1, 2, 3-тармақшасы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен күш қолданып бiрнеше рет жасалған қорқытып алушылық) бойынша кінәлі деп танылды. Олардың екеуі 6 жылға, біреуі 4 жыл 6 айға, тағы біреуі 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Фархат ӘБІЛОВ

22 сәуір 2019, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.