Атырау, 25 сәуір 16:47
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ұрылар мен алыпсатарлар

Сурет
3 325 просмотра


Полицейлер Атырауда Жеңіс саябағы мен «Көктем» базары маңындағы дренаж жүйесінің металл торларын ұрлаумен айналысқан жергілікті екі тұрғынды ұстады. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде осы фактілерге назар аударғаннан кейін ғана бұл қылмыстың беті ашылды. 39 темір тор тәркіленді, оларды ұрылар металл сынығын қабылдау қосындарына тапсырып үлгерген екен.

- ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонда металл сынықтарын қабылдайтын қосындар қылмыстық жолмен табылғаны белгілі бұл заттарды талғамастан қабылдай бере ме?

Өткен жазда Атырау әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ да осы сұрақты қойған еді. Ол полиция мен әкімдік қызметкерлеріне қара және түсті металлдар қабылдайтын бүкіл қосындарға рейд жүргізіп, мұның соңына нүкте қоюды тапсырған болатын. Бірақ, шамасы, тапсырма орындалмай, қылмыскерлердің бұрынғыша ұрланған заттарды өткізетін жерлері әлі бар болып тұр.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

26 сәуір 2019, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.