Атырау, 29 наурыз 14:15
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Аңшы мылтығын көліктің жүксалғышында қалдырған

4 030 просмотра

26 тамызға қараған түні «102» операторының пультіне қырағы қала тұрғынынан қоңырау келіп түсті.  Ол «Премьер-сити» тұрғын үй кешенінің ауласында жүксалғышында қару-жарақтар салынған қара көліктің тұрғанын хабарлады.

Сол маңдағы полиция жасақтары аталмыш жерге дереу жетіп, көлікті үш патруль жасағы мен СОБР сарбаздары қоршап алады.

- «Тойота» маркалы көлігінің ашық жүксалғышынан полицейлер қорғаныш түсті иыққаптар мен қарудың қабын тапты. Лицензиялау және қару-жарақты бақылау тобы сол жерге келіп, көліктің жүк салғышында «MP 153» маркалы тегіс ұңғылы аңшы қаруы, пейнтбол қаруы жатқанын анықтады. Иыққаптардың ішіндегі 2 баллон қару-жараққа күтім жасауға арналған құрал болып шықты, - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Полицейлер тіркеу базасынан «Тойотаның» 42 жастағы қожайынын тапты. Сөйтсе, мұның бәріне көлік иесінің немқұрайлылығы себеп болған екен. Оның тегіс ұңғылы қаруға барлық құжаттары, соның ішінде аңшылық билеті бар болып шықты.

Кейінірек полицейлер ер адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қару сақтау тәртібін бұзғаны үшін оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 484-бабы (Қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу) бойынша хаттама толтырылды.

Фархат ӘБІЛОВ

27 тамыз 2019, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.