Атырау, 9 шілде 03:27
 ашықВ Атырау +32
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

Иесіз жер болмайды

3 729 просмотра

 

Топырақты заңсыз өндірген екі самосвал «Камаз» бен экскаватор-тиегіш қала маңындағы Атырау-Астрахань трассасының бойында ұсталды.

Заң бұзушы жүргізушілердің бірінде тіпті жүргізуші куәлігі де болмады. Оның көлігі айыппұл тұрағына қойылды.

- Жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 230, 590 және 612-бабы бойынша үш әкімшілік хаттама толтырылды, - деп атап өтті ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. Яғни, оларды әзірге сақтандыру құжаты, нөмірлері мен куәліктерінің жоқтығы үшін рәсімдеген. Бірақ кінәлі тұлғалар тек әкімшілік жазамен ғана шектелмейтін сияқты. Жол полициясы желісі бойынша жасалған заң бұзушылықтардан басқа, қазір өңір экологтарының қарауында жатқан материалдар да қосылады. Қоршаған ортаға тигізілген зиян сомасы анықталғаннан кейін олардың қылмыстық жауапкершіліктері туралы мәселе қарастырылатын болады.



Зульфия ИСКАЛИЕВА

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі ұсынған суреттер

2 тамыз 2019, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.