Атырау, 26 сәуір 19:23
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ұрып өлтіріп, жағалауға жерлеген

5 082 просмотра


9 сәуірде Атырауда жауыздықпен кісі өлтіру оқиғасы орын алды. Атырау облыстық Полиция департаментінің және ҰҚК департаментінің қызметкерлері бірлесіп, аса ауыр қылмысты ашты. Ұсталған күдіктілер (олар төртеу болған) мүрдені көмген жерді көрсетті.

- 9 сәуірде қала маңындағы Бесікті мен Талғайраң ауылдарының арасындағы Жайық өзеніне жақын жерде зорлықпен өлтірілген белгілері бар ер адамның мүрдесі қазып алынды. Осы іс бойынша Атыраудың бірнеше тұрғыны ұсталды, ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА.

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 9 сәуірде сағат 04:00-де Атыраудың төрт тұрғыны 24 жастағы жігітті «жеке басын жақтырмағандықтан» өлімші етіп сабаған. Содан кейін мәйітін көліктің жүксалғышына салып, қала сыртына шығарып, Талғайраң ауылына жақын Жайық жағасына көміп тастаған.

Қазір төрт жас жігіт (екеуі 29 жаста, тағы екеуі 25 және 23 жаста) қылмыстарын мойындап,  уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Фархат ӘБІЛОВ 

12 сәуір 2019, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.