Атырау, 25 сәуір 15:28
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Пышақтап өлтіріп, зират ішіне тастаған

4 862 просмотра


Осынау сұмдық қылмыс қала тұрғындарының есінде шығар: 26 қаңтарда Жұлдыз-2 ықшамауданындағы мұсылмандар зиратының аумағынан зорлықпен өлтірілген белгілері бар, жамылғыға оралған жас әйелдің мәйіті табылған еді. Бұдан басқа, әйелдің мүрдесіне иттер ауыз салған.

Мазасы кеткен «Жұлдыз-2» ықшамауданының тұрғындары сол кездегі Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Аян ДҮЙСЕМБАЕВҚА жүгінген еді. ПД бастығы полиция қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп уәде берді. Полицейлер марқұм әйелдің жеке басын анықтау үшін үй-үйді аралауға кіріседі.

Ал жарты жылдан кейін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Өзбекстан азаматы болып шыққан әйелді өлтірді деп айыпталған К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Екеуі Береке ықшамауданында (оң жағалауда) бірге тұрған екен.

Тергеу ісі мен сот қылмыстың мән-жайын анықтады. Биылғы 21 қаңтарда түстен кейін ішімдік ішу кезінде К. мен әйелдің арасында жанжал туындап, К. пышаққа жармасып, әйелдің кеуде тұсына бір рет пышақ жарақатын салады. Нәтижесінде әйел оқиға орнында көз жұмған.

Содан соң екі күннен кейін, 23 қаңтарда шамамен 20.00-де К. қылмыс іздерін жасыруға тырысып, мәйітті көлігінің жүксалғышына салып, оны сол жағалауда орналасқан Жұлдыз-2 ықшамауданындағы зираттар аумағына апарып тастайды. Сотталушының кінәсі сотта дәлелденді.

Сот үкімімен К. адам өлтіруде кінәлі деп танылып, оған ең жоғарғы қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде (қатаң режим) 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Фархат ӘБІЛОВ

21 тамыз 2019, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.