Атырау, 25 сәуір 19:07
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Зиратта табылған әйел мүрдесіне аңдар ауыз салған

Толықтырылды
8 330 просмотра

Көрнекі сурет

26 қаңтарда күндіз Атырау қаласындағы Жұлдыз-2 ықшамауданындағы мұсылмандар зиратының аумағында зорлықпен өлтіру белгілері - көкірек қуысында түйрелген-кесілген жарақаттары бар жамылғыға оралған жас әйелдің мүрдесі табылды. Бұдан басқа, бейшара әйелдің бетінің жартысы ойық және оң аяғының табаны жоқ. Шамасы, өлгеннен кейін жабайы аңдар ауыз салғанға ұқсайды.

- Әйел азиялық келбетті, 25-30 жас шамасында, бойы 160-165 см, шашы толқынды күңгірт-сарғылт, иығына дейін келеді. Үстінде «ZARGA» деген жазуы бар көк түсті кофта, қара леггинсы бар. Осы факт бойынша қандай да бір ақпаратқа ие барша жанға полицияға 102 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз, - деп хабарлады Полиция департаментіндегілер. ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 29 қаңтарда «Жұлдыз» ықшамауданында ЖӘАЖ арнайы бөлімшесінің полиция қызметкерлері осы қылмысқа күдікті ретінде Атырау тұрғынын ұстаған. Көз жұмған әйелдің жеке басы анықталды, ол Өзбекстан азаматы екен. Алдын ала мәліметтер бойынша, сөзге келіспей қалған соң, ер адам оған бірнеше рет пышақ салған. Содан соң мүрдені жақын маңдағы зиратқа сүйреп апарып тастаған. 

Фархат ӘБІЛОВ

28 қаңтар 2019, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.