Атырау, 23 қараша 07:39
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Таза мақаттық кісі өлтіру

Толықтырылды Бейнежазба
7 611 просмотра


Бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде сұмдық бейнежазба таралуда. Көліктердің жанында тұрған ер адамға бір қара киімді кісі жақындап, шолақ мылтықтан оқ атып, қашып кетеді. Бұл оқиға Атыраудағы Привокзальный ықшамауданында болған.

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 16 сәуірде сағат 19.05-те Мақат ауылының 39 жастағы тұрғыны 32 жастағы жерлесін атқан. Жараланған адам кейін облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмады. Кісі өлтірушімен бірге 17 жастағы сыбайласы болған. Ол да Мақат тұрғыны екен. ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктілерді іздестіруде.

Полиция департаментіндегілер жазбаша сауал жолданғанын қалап, болған оқиғаға түсінік бермеді.

Сайттағы осы жарияланымнан кейін Атырау облыстық Полиция департаментіндегілер комментарий берді: «Баймұханов көшесіндегі үйлердің бірінің алдында 32 жастағы ер адамды өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тармағына (Адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қылмысқа қатысты тұлға ұсталды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді. 



Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазба

18 сәуір 2019, 20:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.