Атырау, 9 шілде 03:49
 ашықВ Атырау +32
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

Таңғы төбелес

2 516 просмотра


«АЖ»-ға белгілі болғандай, 10 наурызда таңертеңгі сағат 8-де Атырауда «Sky Bar» клубының жанында он шақты ер адам жаппай төбелесіп қалды. Куәгерлердің айтуынша, төбелес клубта басталып, кейін көшеге шығып жалғастырған. Полиция шақырылып, бұзақыларды қалалық ішкі істер бөліміне алып кетеді. Бағына қарай, ешкім ауыр зақым алған жоқ.

Төбелеске қалалық прокуратураның басшылық қызметтегі қызметкерлерінің бірі қатысқан деген әңгіме бар. Бірақ бұл ақпарат еш жерде расталған жоқ. Төбелеске қатысушылардың тізімінде прокурор қызметкерлерінің ешқайсысының аты-жөні жоқ.

- Сот заң бұзушылардың әрқайсысына кінәcінің дәрежесіне қарай ескерту, айыппұл немесе қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады, - деп хабарлады «АЖ»-ға Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

16 наурыз 2019, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.