Атырау, 24 қараша 06:31
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әкімнің бұрынғы орынбасары Сайлауова тергеу абақтысына қамалды

5 133 просмотра


«AЖ»-ға белгілі болғандай, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА қатысты екі айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ол бес мектеп-интернаттың асханаларына жиһаз жеткізу туралы келісім жасасқаны үшін ЖШС-лердің бірінен 5,1 млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. 5,1 миллион – бұл келісімшарт сомасының 15 пайызы (34,1 миллион).

Осылайша, Сайлауова аса ірі көлемде бюджет қаржыларын жымқыру туралы іс бойынша тергеу абақтысына қамалған облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА және Кіші өнер академиясының жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының бас есепшісі Назымгүл МАЖИТОВАҒА қосылды.

Ал 13 наурыздан бастап Орал қаласының жұмыспен қамту бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА Атырау облыстық  басқармасы бастығының міндетін атқаруда.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

26 наурыз 2019, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.