Атырау, 5 желтоқсан 12:06
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Білім беру басқармасының басшылығына «аса ірі мөлшерде» ұрлау айыбы тағылып отыр

5 105 рет қаралды


«АЖ»-ға белгілі болғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас есепшісі Назымгүл МӘЖИТОВАҒА қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-тармақшасы («Аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Үшеуі де тергеу абақтысында. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, оларға мүлкін тәркілеумен қатар 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Фархат ӘБІЛОВ

5 қаңтар 2019, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.