Атырау, 25 желтоқсан 02:02
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Басқа жаңалықтар

Қайсар әйел Басқа жаңалықтар

Қайсар әйел

Қарлығаш ТАЙЛАҚОВА (суретте) - жігері жасымаған нағыз қайсар жан. Талай жоқшылықтың дәмін татқан ол жеке кәсібін ашуды көздеп, бүгінде дегеніне жетті. 3 млн теңге несие алып, тігін шеберханасын ашып алды. Қазір сүйікті кәсібі бар, аз да болса, тұрақты табысы бар, шүкір... 6 наурыз 2014, 00:00 3 946 рет қаралды
Бағалау көңілден шықпады (толықтырылды) Басқа жаңалықтар

Бағалау көңілден шықпады (толықтырылды)

ТШО-ның автобусы басып кірген үйге қатысты хикая әлі аяқталған жоқ («ТШО автобусы үйдің жартысын құлатып кетті»). Редакцияға үй қожайынының ұлы Сағидолла ЖАМАЛОВ хабарласып, өздеріне Петролеум Фасилитиз Е&С Лимитед компаниясының филиалынан 23 ақпаннан бастап зардап шеккен отбасының уақытша тұрып жатқан пәтері үшін жалдау төлемақысы тоқтатылатындығы туралы хабарлама келгенін айтты (көлік оқиғасы осы компания жүргізушісінің кінәсінен болған еді – С.Т.). 6 наурыз 2014, 00:00 2 374 рет қаралды
«101» қызметінің ханшайымы Басқа жаңалықтар

«101» қызметінің ханшайымы

Телефондар, экрандар және басқа да техникалық құралдар қойылған шағын бөлмеде ол – ханшайым. Кең жайылған ұзын шашы, қарақаттай мөлдіреген көздері, тіпті әскери түсті қызметтік киімі оның нәзіктігі мен әдемілігін еш жасыра алмай тұр. Ғалия ҒАБДУЛЛИНА (суретте) ТЖМ қызметінде диспетчер болып жұмыс жасайды және оның мойнында үлкен жауапкершілік бар. Болғанда қандай! Үш қалалық өрт сөндіру бөлімі оның қоңырау шалуын күтіп, күзетіп отырады. Осы сұлу әйел қаланың әр түкпірінен келіп түскен өрт туралы қоңырауларды қабылдап, өңдейді. 18 жылдан бері. 6 наурыз 2014, 00:00 4 512 рет қаралды
Банктер тегеурінге шыдады Басқа жаңалықтар

Банктер тегеурінге шыдады

19 ақпан күні баспасөз конференциясында«Kaspi Bank», «Альянс Банк және «Банк ЦентрКредит» банктерінің облыстық филиалдарының жетекшілері өздерінің банкротқа ұшырағандары туралы қаңқу сөздерді жоққа шығарды. 20 ақпан 2014, 16:50 3 903 рет қаралды
Үшінші топтағы жұмыссыздық Басқа жаңалықтар

Үшінші топтағы жұмыссыздық

Өткен аптада «Нұр Отанның» облыстық филиалында ІІІ топтағы мүгедектерді (жұмысқа қабілетті) жұмысқа орналастыру, оларға тұрғын үй және жәрдемақы беру мәселелері бойынша бірыңғай қабылдау күні өтті. Кейбір қатысушылардың іс-шараға көңілдері толмай кетті. 30 қаңтар 2014, 00:00 6 320 рет қаралды
«Бергей Рысқалиевтың ҰҚТ» ісі бойынша сот басталды (ФОТО, БЕЙНЕЖАЗБА) Басқа жаңалықтар

«Бергей Рысқалиевтың ҰҚТ» ісі бойынша сот басталды (ФОТО, БЕЙНЕЖАЗБА)

Бүгін, 23 желтоқсан күні Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ құрған ҰҚТ-ға қатысушыларды айыптау ісі бойынша тыңдау басталды. 23 қаңтар 2014, 14:53 5 920 рет қаралды
Рахат Бергейдің қайда екенін айтты Басқа жаңалықтар

Рахат Бергейдің қайда екенін айтты

Өткен аптаның аяғында Рахат ӘЛИЕВ ағайынды РЫСҚАЛИЕВТАР – Бергей мен Аманжанның Н. Назарбаев бұйрығымен өлтірілгені және олардың денесі президенттің Бурабайдағы резиденция аумағында көмілгені туралы мәлімдеме жасады. Елбасының бұрынғы күйеу баласы бұл туралы өзінің Фейсбуктағы бетшесіне жазды. Ол осылайша Аслан Мусиннің ҚР Есеп комитеті төрағалығынан «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» кетуі туралы хабарға өзінше түсінік берді. 20 қаңтар 2014, 12:22 6 611 рет қаралды
Атырауда екі үшем дүниеге келді Басқа жаңалықтар

Атырауда екі үшем дүниеге келді

Атырау облыстық перзентханасында араға 5 күн салып екі үшем дүниеге келді. 8 қаңтарда салмақтары 2600, 2400 және 1900 грамм болатын Аман, Есен, Жүрсiн есімді үш кішкентай шақалақтар жарық дүниенің есігін ашты. 19 қаңтар 2014, 23:58 9 446 рет қаралды
Прокурорға айтамын! Басқа жаңалықтар

Прокурорға айтамын!

Өткен жылы Атырау облысында кәсіпкерлердің 330-дан астам құқығы бұзылған. Осы саладағы жүйелі проблеманы анықтау үшін облыстық прокуратура мен өңірлік Кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 16 қаңтар 2014, 00:00 1 784 рет қаралды
Шебер әрі жігерлі жастар Басқа жаңалықтар

Шебер әрі жігерлі жастар

Әйгерім ӘМІРОВА (суретте оң жақта) гуманитарлық колледжді «ағылшын тілінің мұғалімі» мамандығы бойынша үздік бітірген. Университетте психолог мамандығын меңгеруде. Сонымен қатар пішу және тігу, компьютерлік сауаттылық курстарынан өткен. 9 қаңтар 2014, 00:00 1 950 рет қаралды
Прокурорлық бастама Басқа жаңалықтар

Прокурорлық бастама

Қалалық прокуратура соттан ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған интернатқа тиесілі жерді қазіргі қожайыны «УС-99» ЖШС-не берген қалалық әкімдіктің қаулысын заңсыз деп тану және жою туралы өз талап-арызын қайтарып алды. Бұл мемлекеттік пайдаланушыдан жерді заңсыз алған атышулы хикаяның соңғы нүктесі секілді. 3 қаңтар 2014, 00:00 4 942 рет қаралды
Ат үстінде Басқа жаңалықтар

Ат үстінде

Ондаған шақырымды артта қалдырып, қарлы дала төсінде келе жатқанда алдымыздан біреуді кездестіреміз деп ойламаппыз. Кенет түйеге арба жеккен алғашқы жолаушымызбен кездейсоқ ұшырасып қалдық. Қалың киінген шаруа қызара бөрте ақсия күліп, кетіп барады. Сол бір шаттықтың лебі бізге де әсер етіп, жылқылар ауылында өткен бір күніміз керемет есте қалды. 26 желтоқсан 2013, 00:00 11 414 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Басқа жаңалықтар

Оқиғалар тізбегі

Желтоқсанның 19-ы күні кешке белгісіз адамдар жөндеу жүргізгеннен кейін кіреберісте қалған темір есікті ұрлап кеткен. Желтоқсанның 22-сі күндіз Өркен ықшамауданындағы азық-түлік дүкенінде 39 жасар әйел тоналды. 26 желтоқсан 2013, 00:00 1 931 рет қаралды
Жарысқан көліктер, жаралы жолаушылар Басқа жаңалықтар

Жарысқан көліктер, жаралы жолаушылар

2013 жылдың 19 мамырында Жилгородокта №30 автобус үйге соғылған уақыттан бері жарты жылдан астам уақыт өтті. Алайда «АЖ»-ға сол апатта зардап шеккен жандар хабарласуда. Оларды алған жарақаттары қинап, мұндай апат тағы да қайталануы мүмкін деген үрей мазалайды екен. Өйткені «Айс Транс Холдинг» жүргізушілері атышулы апаттан сабақ алмаған. 5 желтоқсан 2013, 00:00 2 652 рет қаралды
Еркінбек ШОХАЕВ: «Имандылық сақалда емес, жүректе...» Басқа жаңалықтар

Еркінбек ШОХАЕВ: «Имандылық сақалда емес, жүректе...»

Онлайн-конференцияның келесі қонағы - Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Еркінбек ШОХАЕВ. Ол Шымкенттегі Арыстанбаб медресесінде оқыған, жеті қырағаттан ижазасы бар (яғни, Құранды оқудың жеті жолын меңгерген), қари атанған (Құранды жатқа білетін адам). Триполи (Ливан) университетінде ислам дінін зерттеп, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің дінтану факультетінде білім алды. Араб тілін меңгерген. 2013 жылдың көктемінде Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалғанға дейін  Астанада ҚР дін істері Агенттігінде бас сарапшының қызметін атқарды.  7 қараша 2013, 00:00 9 995 рет қаралды
Бес түрлі жағдай Басқа жаңалықтар

Бес түрлі жағдай

Жылу батарейінің секциясына кіріп кеткен қолды қалай шығарып алуға болады? Ішіп келген күйеуін үйге кіргізгісі келмеген ашу үстіндегі әйелді қалай көндіруге болады? Егер қызу өлшегіш сынып қалса, не істеу керек? Өз-өзіне қол жұмсамақ болған жан балконнан секірмес үшін оны қалай тоқтатуға болады? Ағаш басында үш күн бойына мияулап тұрған мысықты қалай түсіреміз? Осы сұрақтардың барлығына жауапты Атырау облысы бойынша Өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жақсы біледі. Жақында жігіттер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтті. Құтқарушылар соңғы бір-екі айда орын алған бірнеше хикаяны айтып берген еді. 31 қазан 2013, 00:00 2 891 рет қаралды
Бизнес "періштелері" Басқа жаңалықтар

Бизнес "періштелері"

Қазақстанда осымен екінші жыл қатарынан жас кәсіпкерлерге арналған «Atameken Startup» бизнес идеялар байқауы өткізілді. «Atameken Startup Weekend Атырау» жобасының өткен жылғы белсенді қатысушылары бүгінде нарықта сәтті жұмыс жасауда, ал олардың орташа айналыстары айына 1-5 млн. теңгені құрайды. Бұл әлі бастамасы ғана. 22 қазан 2013, 11:04 2 978 рет қаралды
Күрмеуі қиын тіл тағдыры немесе Мемлекеттік тіл туралы заң қайда? Басқа жаңалықтар

Күрмеуі қиын тіл тағдыры немесе Мемлекеттік тіл туралы заң қайда?

22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі күні. 1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі Қазақ ССР-інің мемлекеттік тілі болып қабылданды. Арада ширек ғасыр уақыт өтіп, еліміз егемендік алып, тілге қатысты көптеген заңдар, бағдарламалар қабылдап жатса да, бұл мәселе дұрыс шешімін таба алар емес. Бүгінгі таңда еліміздегі тілдік ахуал қандай, - мемлекеттік тіл саясатының, қабылданған бағдарламалардың орындалуы туралы осы салада қызмет етіп жүрген тіл мамандарынан пікір алдық. 19 қыркүйек 2013, 00:00 11 278 рет қаралды
Дебат ойындары жанданбақ Басқа жаңалықтар

Дебат ойындары жанданбақ

Атырауда «Жастар ресурстық орталығы» ашылды. Орталықтың негізгі мақсаты – жастардың әр қоғам саласындағы белсенділігін арттыру. Алдағы уақытта мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында оқитын жастар арасында пікір-сайыс клубтарын құрып, дебаттық ойындарды жүйелі түрде өткізуді мықтап қолға алмақ. Одан бөлек, діни экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізіп, жастардың волонтерлік қозғалысын дамыту, жас кәсіпкерлерді қолдауды жүзеге асырмақ. 12 қыркүйек 2013, 00:00 4 048 рет қаралды
Қызылқоғаны бруцеллез жайлады Басқа жаңалықтар

Қызылқоғаны бруцеллез жайлады

Қызылқоға ауданында мал арасында бруцеллез (сарып) ауруының былтырдан көбейіп кеткені дабыл қағарлықтай дәрежеге жетті. Тасшағыл ауылында адамдар мен малдың арасында індеттің кең таралуына байланысты шілденің 15-нен бастап карантин жарияланды.               5 қыркүйек 2013, 00:00 6 715 рет қаралды
Кеше ғана тып-тыныш мекен еді... Басқа жаңалықтар

Кеше ғана тып-тыныш мекен еді...

Бұрын хабарлағанымыздай, осы жылдың сәуір айында Құрманғазы ауданында болған ауыр қылмыс бойынша үкім шығарылды («Қиғаштағы қос өлім» және «Қиғаштағы кісі өліміне кінәлі өмір бойы жазасына кесілді» мақалаларын қараңыз). 26 тамыз 2013, 14:26 3 244 рет қаралды