Атырау, 26 қараша 06:59
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Дебат ойындары жанданбақ

3 940 просмотра

Атырауда «Жастар ресурстық орталығы» ашылды.

Орталықтың негізгі мақсаты – жастардың әр қоғам саласындағы белсенділігін арттыру. Алдағы уақытта мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында оқитын жастар арасында пікір-сайыс клубтарын құрып, дебаттық ойындарды жүйелі түрде өткізуді мықтап қолға алмақ. Одан бөлек, діни экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізіп, жастардың волонтерлік қозғалысын дамыту, жас кәсіпкерлерді қолдауды жүзеге асырмақ.

Орталық жетекшісі Жасұлан БИСЕМБИЕВТІҢ (суретте) айтуынша, олар үшін Нұрсая ықшам ауданында салынып жатқан киноконцерт залынан арнайы орын бөлінбек. Ал әзірге орталық кеңсесі Абай көшесі, №13 үй мекенжайы бойынша орналасқан. Байланыс телефоны: 32-80-18. Жылына орталыққа жергілікті бюджеттен 10 млн теңге бөлінеді. Орталықтың өткізетін алғашқы шарасы - орта мектептердің пікірсайыс клубтарының жетекшілеріне арналған пікірсайыстың негіздері бойынша семинар-тренинг. Ол 28 қыркүйекте «Ренессанс» қонақ үйінде өтеді. Семинар-тренингті жүргізуге Алматыдан «Қайнар» университетінің тілдер, журналистика және туризм кафедрасының доценті Фаузия САМЕТОВА шақырылып отыр. Алға қарай жастарды дебат ойындарына WorkandLife тренинг орталығының жетекшісі Нұрлан АЗАМАТОВ дайындайды. Дебаттық ойындардағы басты төреші де өзі болады.

- Пікір-сайыс клубтары жастардың сөйлеу мәнерін дамытып, тілдік қорын дамытады, - дейді Н.Азаматов.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

12 қыркүйек 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.