Атырау, 26 қараша 16:55
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Прокурорға айтамын!

1 699 просмотра

Өткен жылы Атырау облысында кәсіпкерлердің 330-дан астам құқығы бұзылған. Осы саладағы жүйелі проблеманы анықтау үшін облыстық прокуратура мен өңірлік Кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек ЖАКИЕВТІҢ айтуынша, біздің бизнесмендер үшін жер мәселесі мен сәулет бөлімінен рұқсат алу ең өзекті мәселеге айналған. Құжаттарды ресімдеу мен беруді кешіктіретін бюрократиялық сөзбұйдалыққа және басқа да мемлекеттік органдарға қатысты шағымдар түсіп тұрады.

Прокуратура өткен жылдың желтоқсанында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік филиалымен осындай меморандумды жасаған еді. Жақында ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында прокурор кабинеті жұмыс жасайды. Мұнда аптасына екі рет кәсіпкерлерді қабылдау жүргізіледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.