Атырау, 26 қараша 16:29
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Шебер әрі жігерлі жастар

1 844 просмотра

Әйгерім ӘМІРОВА (суретте оң жақта) гуманитарлық колледжді «ағылшын тілінің мұғалімі» мамандығы бойынша үздік бітірген. Университетте психолог мамандығын меңгеруде. Сонымен қатар пішу және тігу, компьютерлік сауаттылық курстарынан өткен.

Міне, осындай белсенді қыздар мен жас жігіттер өткен жылы «Бота» қоғамдық қорының қолдауымен «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ жүзеге асырған «Еңбек етуге қабілетті» жобасына қатысады.

Түлектер үшін жұмыс табу оңай емес. Ал мүгедектігі бар жастар үшін бұл тіпті орындалмайтын мәселе. Әйгерім де қызыл дипломы мен сұранысқа ие мамандығына қарамастан, жұмысқа орналаса алмады. Дегенмен, Әйгерімді ерекше жайтқа жатқызған дұрыс, өйткені мүгедектігі бар балалардың көпшілігі мектеп аттестатын алғаннан кейін оқуды жалғастыруға әрекет етпейді де.

Еңбек нарығын талдау нәтижесі көрсеткендей, бүгінде жоғары білім туралы дипломы барлар емес, жұмысшы мамандықтары бар кәсіби мамандар сұранысқа ие. Тігетін, тоқитын, ас дайындай алатын, компьютерді меңгерген адам қай уақытта да табыс таба алады. Өз жобасын іске қосар кезде «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ осылай тұжырым жасаған еді. 15-тен 24 жасқа дейінгі жастардың екі тобын бүкіл оқу жылы бойына тігуге және компьютерлік білімге оқытқан Сервис колледжі мен бизнес және құқық колледжі ҮЕҰ серіктестері болды.

Желтоқсанның аяғында ҮЕҰ облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен қалалық жұмыспен қамту бөлімінің өкілдерімен өз курсанттарының кездесуін ұйымдастырды. Курс түлектері 9 ай ішінде оқыған білімдерін көрсетті. Қыздар өз қолдарынан тіккен сәнді киімдерін киіп көрсетсе, хакерлер компьютердің құлағында қалай ойнайтындықтарын паш етті. Жұмыспен қамту қызметтерінің өкілдері оларды әрі қарай жұмысқа орналастыру үшін дерекқордың бас жағына енгізуге уәде берді.

- Оқытушылар олардың денсаулықтарына байланысты оқу процесінің әдеттегіге қарағанда анағұрлым баяу қарқынмен өтетінін жасырмайды. Бірақ жастар жүйелі әдіс арқылы кез келген студенттің мамандықты меңгеріп, белгілі бір табысқа жетуге болатынын дәлелдеп шықты, - дейді «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ жетекшісі Күлбаршын НҰРЖІГІТОВА. – Келесі жылы біздің жобамыз, бәлкім, жергілікті биліктің қолдауымен өз жалғасын табар деп үміттенеміз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

9 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.