Атырау, 26 қараша 14:53
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қар - әрі қауіпті, әрі пана

3 996 просмотра

Төтенше жағдайлар министрлігі өз сайтында «Қысқы кезеңдегі жүріс-тұрыс қағидасын» жариялады.

Олар суық және қарлы қыста қажетіңізге жарап қалуы мүмкін және біздің өңіріміз үшін өте өзекті. Екі жағдайды еске алайық: 2012 жылдың 1 ақпанында Құрманғазы ауданында қарлы боран кезінде «Мақаш» шаруа қожалығының 250 отар қойымен бірге 27 жастағы әйел жоғалып кеткен еді. Оны 4 күннен кейін шаруа мекенінен 70 шақырым жерден әлсіреген және аяғын үсік шалған күйде тауып алды. Оны қойлары ажалдан аман алып қалыпты. Олар қойшы әйелді айнала қоршап алып, өз қызуларымен жылытқан.

Бір аптадан соң Құлсары қаласынан 18 шақырым жерде «Атырау-Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызы қар күртігіне малтығып қалды. Қар «кептелісі» жеті жолаушылар рейсін кешіктірді. Бір тәуліктен кейін жолдар қардан аршылып алынды.

Атап айтқанда ережеде былай делінген: «Қар борасыны адам тұратын жерден алыс жолда қалған адамдарға қауіп тудырады. Сыни жағдайларда құрғақ қарда қалып қою қаупі бар. Жылы киім-кешектеріңізді киіп, желге қарай арқа қойып отыру қажет, полиэтилен жабынымен жамылып, қолыңызға ұзын таяқ алып, қардың басуына мүмкіндік беріңіз. Бұл ретте жел өтетін тесікті таяқпен тазалап, кез келген уақытта шығуға мүмкіндік болу үшін жиналған қар күртігін кеңейту керек.

... Боранның басылуын аяқпен тік тұрып күтуге болмайды. Ерте ме, кеш пе бағдардан айырылып қалу, шаршау, демалуға отыру және тоңып қалу қаупі бар.

... Көлікпен жүрген кезде қар борасынынан құтылудың амалын жасамаңыз, тоқтап, көлік қозғалтқышын жел жоқ жаққа қою керек. Ара-арасында көліктен шығып отыру қажет, қардың астында қалмау үшін оны тазалау керек. Қар астында қалмаған көлік - құтқарушылар үшін жақсы бағдар. Көлік ішіне газды кіргізіп алмай, көлік қозғалтқышын арасында іске қосып отыру қажет, осы мақсатта газ шығаратын түтіктің қар астында қалмауына ерекше көңіл бөлу қажет.

Егер жолда бірнеше адам (бірнеше көлікте) қалса, барлығына бірге жиналып, паналау орны ретінде бір көлікті пайдаланған жөн. Қандай жағдай болмасын, паналау орнын – көлікті тастап кетуге болмайды».

Ал ең дұрыс жолы –  дауылды ескертулерге құлақ асып, жолға шықпай, далада жоғалып кету қаупіне бас тікпеу керек.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 желтоқсан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.