Атырау, 26 қараша 18:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Бергей Рысқалиевтың ҰҚТ» ісі бойынша сот басталды (ФОТО, БЕЙНЕЖАЗБА)

5 781 просмотра

Бүгін, 23 желтоқсан күні Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ құрған ҰҚТ-ға қатысушыларды айыптау ісі бойынша тыңдау басталды.

22 сотталушы бюджет қаржысын талан-таражға салды және өкілеттіліктерін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Олардың 11-ін тергеу басталғалы бері отырған тергеу изоляторынан алып келді, қалған сотталушылар сотқа өздері келді – оларға «үйқамақ» немесе «ешқайда кетпеу жайында қолхат» түріндегі бұлтартпау шаралары алынған болатын. Айыптау орындығында 5 әйел адам бар (олардың біреуі қамауда отыр, қалғандары қолхатпен жүр).

Сотталушылардың мүддесін 19 адвокат және сотталушы тұлғаларға жақыны болып келетін 10 қорғаушы қорғауда.

Сондай-ақ, сот залында 5 жәбірленуші мен олардың өкілдері қатысып отыр. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше 50 адамға арналған зал лық толы. Отырыстың басында адвокаттар судьяға олардың жұмысына «қолайлы жағдай туғызу» туралы талабын айтты – адвокаттар ұзын үстелдің қатарында бір-біріне тығыз орналасып отырған.  Негізгі судья -Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралықсотының төрағасы Гүлмира ДӘУЛЕТОВА зал стандартты өлшемдерге сай екенін айта келе, таршылықты туғызып отырған сотталушылар мен оларды қорғаушылардың саны екенін ескеруді алға тартты. Десек те, жалпы дүрлікпе болған жоқ, сот залына кіре алмағандарға ғимарат фойесінде екі монитордан онлайн-режимде көруге мүмкіндік алды.

Судья залға жіберілген журналистердің аудио және бейнежазбаларға түсіруіне қатысты сотталушылар мен олардың қорғаушыларының пікірлерін сұрады. Сотталушы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВ (облыстық әкімдіктің энергетика басқармасының бұрынғы бастығы) пен бұқаралық ақпарат құралдарын «осы істі жасанды түрде саясиландырып, даурықтырды» деп айыптаған оның адвокаты осыған қарсы және жалпы біздің қатысуымызға қарсы пікірлерін айтты. Алайда көпшіліктің пікірімен журналистерді қалдырды.

Отырыс барысында екі адвокат – Сисенбаев пен Вранчев судьялардың қазіргі құрамына және Атырау облысының бүкіл судьяларына қарсылық білдіру туралы қайтадан өтініш берді. Олар қазіргі биліктің осы істің қорытындысын «күні бұрын шешіп қойғанын», өйткені сотталушыларға қатысты «ұйымдасқан қылмыстық топ» деген тұжырымдаманы және одан туындайтын айыптау пайымын қолданып отыр деген негізде сотқа сенбейтіндіктері туралы мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл адвокаттар Атырау судьяларының риясыздығы мен әділдігіне күмән келтіретіндерін білдіріп, мысал ретінде облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВТЫҢ заңсыз сотталу фактісін алға тартты. Естеріңізге салсам, мұндай өтінішті олар алдын-ала тыңдау барысында ұсынған еді. Сол кезде ол қабыл алынбай, бірақ оларға оған қатысты апелляциялық сатыда шағымдануға мүмкіндік берген болатын. Ол жерде де бұл өтініштері қанағаттандырылмады. Бүгінгі өтінішті талқылауға судьялар құрамы үзіліс алды. 40 минуттай өткен соң судья Гүлнәр ХАЖЕНОВА шешімдерін жария етті: бұл өтініш те қабыл алынған жоқ және шағымдануға жатпайтын болды.

Үзіліс кезінде мен облыс әкімінің орынбасары Асқар ӘБДІРОВКЕ жақындап бардым:

- Басшылықтың бұйрығын орындау – қылмыс па? Мен Алланың алдында және халқымның алдында тазамын. Бәрі жақсы аяқталады деп үміттенемін.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ:

- Мұның несіне комментарий беремін? Бәрі көрініп тұр ғой.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА 

 

Үйқамаққа алынған немесе басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен жүрген айыпталушылар:

Б.ДӘУКЕНОВ – облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары

А. ӘБДІРОВ – облыс әкімінің бұрынғы орынбасары

Н. КЕНЖЕБЕКОВ – құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы

Б. ЖАЙСАҢОВ – энергетика басқармасының бұрынғы бастығы

А. БЕЙСЕБЕКОВА – «Снабойлстрой»ЖШС-нің бұрынғы директоры

А.БАТЫРБАЕВА – «Снабойлстрой» ЖШС-нің директордың қаржы жөніндегі бұрынғы орынбасары

К. СИСЕНОВА – «Снабойлстрой» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі

И. ӘМІРОВ – «Атырау облысының құрылыс басқармасы» ММ бастығының бұрынғы орынбасары

К.ҚАДЫРОВ – «Азиямарктес» ЖШС-нің бұрынғы директоры

Т. ШАРЫПКИНА – «Анитаконсалтинг»ЖШС-нің бұрынғы директоры

А.ҚҰРМАНТАЕВ – «Пассажирская лизинговая компания»АҚ бұрынғы жетекші инженері

 

Қамауда отырғандар:

Б.ЖАНТЕМІРОВ – облыстық қаржы басқармасының бұрынғы бастығы

А.КЕРІМОВ – Атырау қаласының бұрынғы әкімі

Р.АЛШЕНОВ – «Батыстранспортсим»ЖШС-нің бұрынғы директоры

К.ӘЛІМОВ – «Атырауқұрманқұрылыс» ЖШС бұрынғы директоры

А.ЕСЕТОВ – саттық жөніндегі бұрынғы менеджер

У.ҚҰРАЛБАЕВ – уақытша жұмыс істемеген

Т.ЖИЕНБАЕВ – «Мемсараптама» ЕМК бұрынғы директоры

Э.ДУРМАНОВ – жұмыссыз, 2010 жылға дейін «СтройЛТД» ЖШС-нің директоры лауазымын атқарған

Г.ӘЗБЕРГЕНОВА – «Актобехаусконстракшн» ЖШС-нің бұрынғы бас есепшісі

А.КУЗЕМА – «Арқайым 2005» ЖШС бұрынғы директоры

А.КОРИЦКИЙ – жұмыссыз

 

23 қаңтар 2014, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.