Желтоқсанның 19-ы күні кешке белгісіз адамдар жөндеу жүргізгеннен кейін кіреберісте қалған темір есікті ұрлап кеткен. Шығын 30 мыңға бағаланды. Тергелуде.
***
Полицияға бұдан төрт жыл бұрын 200 мың теңге қарыз алған 23 жасар танысының ақшаны жартылай қайтарып, қазір тығылып жүргендігі жөнінде қала тұрғыны шағымданды. Күдікті іздеуге берілді.
***
Желтоқсанның 22-сі күндіз Өркен ықшамауданындағы азық-түлік дүкенінде 39 жасар әйел тоналды. Қылмыскер 30 мың теңге олжалап кетті. Күдікті ұсталды, ол 45 жасар Өркен ықшамауданының тұрғыны екен.
***
Орал қаласының тұрғыны 21 желтоқсанда сағат кешкі 7-лер шамасында Атырау – Доссор тас жолының бойындағы кафелердің бірінде өзін екі белгісіз адамның ұрып кеткені жөнінде шағымданды. Атырау қаласының 24 жасар және 26 жасар екі тұрғыны басбұзарлық жасады деген күдікпен тұтқындалды.
***
Индер кентінде моншадан өрт шықты, бу бөлмесі түгелдей жанып кетті. Өрттің себебі – электр жүйесіндегі ақаулар. Ғимаратты жаңа ғана жөндеп, халыққа өте қажетті қызмет орнын (40 адамға арналған) енді ашамын деп жүрген кәсіпкер қайтадан жөндеу жүргізуге кірісті.