Атырау, 26 қараша 19:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Рахат Бергейдің қайда екенін айтты

6 478 просмотра

Өткен аптаның аяғында Рахат ӘЛИЕВ ағайынды РЫСҚАЛИЕВТАР – Бергей мен Аманжанның Н. Назарбаев бұйрығымен өлтірілгені және олардың денесі президенттің Бурабайдағы резиденция аумағында көмілгені туралы мәлімдеме жасады. Елбасының бұрынғы күйеу баласы бұл туралы өзінің Фейсбуктағы бетшесіне жазды. Ол осылайша Аслан Мусиннің ҚР Есеп комитеті төрағалығынан «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» кетуі туралы хабарға өзінше түсінік берді.

Бұл жолы Шораз мырза (Рахат өзіне жаңа әйелінің тегін алғаны белгілі) 2011 жылғы желтоқсандағы Тәуелсіздік күні президент Мусинге Рысқалиевтар қолымен арандатушылықтар ұйымдастырып, жаңаөзендік жұмысшыларды атуға бұйрық бергенін растайтын телефонмен сөйлесу немесе нақты құжаттардың көшірмесін ғаламторға салып, халықты шулата алмады. Бұл расымен де осылай болатын болса, біз оны саяси өзін-өзі өлтіруші деп есептер едік, ал бұл оған тіптен ұқсамайды.

Бұл нұсқаны биліктің еш қабылдамайтынына күмәндануға да болмайды. Егер Мусин мен Рысқалиевтың өз жеке пікірлері болып, Жаңаөзен қасіретіне қатысты болды дегеннің өзінде де бұл мүмкін емес «Арлан» қызметкері: Бергей Жаңаөзенге ешкімді жіберген жоқ»). Оларды – бұрынғы әкім мен президент аппаратының бұрынғы басшысын – арандатушылық бүлік жасады деп кінәлау оларға тағылған үлкен жемқорлық істі билікті шайқалтатын саяси сот процесіне айналдырады.

Шораз-Әлиевтің мойнына ілінген кісі өлтіру ісінің аз емес екені баршаға мәлім. Жақында Бас прокуратура оны тағы бір ауыр қылмыс – Алтынбек СӘРСЕНБАЕВ пен оның екі көмекшісін өлтірді деп айыптады. Рахат жауап ретінде қаңтарда елдің бірінші тұлғаларына қатысты кезекті компроматтар жариялауға сөз берді. Алайда ағайынды Рысқалиевтердің өлтірілгендігі туралы ақпарат қазіргі уақытта еш расталмай отыр. Бұл нұсқа Атырауда бір аптадан кейін болатын сот прцесінде айтылмайынша немесе құқық қорғау органдары мәлімдеме жасамайынша, ол ойдан шығарылған бос сөз болып қала береді.

Әлиевтің Фейсбуктегі хабарламасында сезімтал драматизмімен ғаламтор қолданушылардың назарын аудартатын бір пікір бар. Бұл істен хабардар адамдар үшін мұны Бергей мен Аманжан Рысқалиевтердің әкесі бақилық болмас бұрын президентке өлген ұлдарының мүрделерін қайтаруды өтінген хат жазғаны туралы белгілі алып-қашпа әңгімелерді қайталау деп есептеуге болады.

Әлиевтің бұл айыптауларына Ақорданың ресми түрде еш жауап бермейтіні түсінікті. Сондықтан да біздің ақпарат көздерінің Бергей мен Аманжан тірі, оларды тек дұрыс іздемей жатыр деген бейресми ақпаратын қолдануға мәжбүр болып отырмын.

«Рысқалиевтер әкесінің жаназасына келеді деп үміттендік, ол жерге қызметкерлеріміз бен арнайы техниканы тарттық, алайда олар келмеді. Ағайындылардың әкесінің 40 күндік қадесіне орай туыстарына жоқтау хат жолдай алғаны нақты белгілі», - дейді біздің құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіміз.

Рахат Әлиевтің бұл хабарламасына өз жетістіктері мен әл-ауқаттары үшін Рысқалиевқа қарыздар жергілікті депутаттар да, бизнесмендер де сенбеді. Атырау облысына алты жыл әкім болған уақытында Бергей оларға талай жақсылықтар жасады. Айтпақшы, ағайынды Рысқалиевтар ғана емес, сондай-ақ, басқа да қашқындармен байланысқа шығып отыратын осындай адамдарды құзіретті органдар, мәселен, қаржы полициясы қызметкерлері оңай тауып алар еді. Оңай, бірақ, әзірге керек емес сияқты.

«Сәулебай РЫСҚАЛИЕВТЫҢ (Бергейдің әкесі) өлер алдында елбасына жазды-мыс деген хаты – ойдан шығарылған өтірік. Ақсақал қатты ауыратын, сондықтан да туыстары оны іздеудегі ұлдары туралы хабармен мазалаған жоқ», - жоқ дейді олардың отбасына жақын адам.

Әлиев біздің газетімізге інісін қорғап ашық хат жазған Менің інім Бергей») Бергейдің әпкесі – Гүлсім РЫСҚАЛИЕВАҒА қатысты да осы хаттан кейін қылмыстық іс көтерді және сырттай соттады деп жаңсақ хабар таратты.

«Іс жүзінде Рахат Әлиев Рысқалиевтердің бұл туыстарын шатастырып алған, мүмкін, драматизм бояуын қоюландырғысы келіп, әдейі істеді ме, әлде ақпарат көздері қателесті ме, белгісіз. Өткен жылы Бас прокуратура басқа қарындасы – Гүлжанар РЫСҚАЛИЕВАНЫ іздеу туралы ақпарат таратты, оны тұтқындауға санкция да берілді. Алайда қазір бұларға қойылып отырған талап та, іздеп жатқан адам да жоқ», - деп хабарлады біздің құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіміз.

Президенттің бұрынғы күйеу баласы ағайынды Рысқалиевтердің өлтірілгеніне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «АЖ» сауалына берген ресми жауабын (олар 2012 жылдың 15 тамызы мен 3 қазаны аралығында шекарадан өткен жоқ) дәлел ретінде келтіретінін де атап өтейік.

Азамат МАЙТАНОВ

20 қаңтар 2014, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.