Атырау, 24 желтоқсан 23:40
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қоғам

​Майдан жақын еді Қоғам

​Майдан жақын еді

Облыстық мұрағат құжаттарын парақтасақ...Атырау облыстық мұрағатында сақтаулы жатқан, әріптері жартылай өшкен, машинкаға басылған немесе бұлдыр сиямен жазылған, уақыт өте келе сарғайып кеткен ондаған қалың томдар – бұл тарих, Ұлы Жеңіске өз үлесін қосқан қала тарихы. 7 мамыр 2015, 00:00 4 326 рет қаралды
​Мақтым әженің өмірі мен тағдыры Қоғам

​Мақтым әженің өмірі мен тағдыры

Мақтым әже туралы мен бір сыйлы адамнан естідім, оған сенбейтіндей менің еш негізім болған жоқ, алайда бұл оқиға менің жұмыс жоспарыма «күмәнді, тексеру керек» деген ескертпемен енді. Дегенмен, екі рет жесір қалған, тыл еңбеккері, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, өмір бойы мұнай саласында жасап, 100-ге толған қазақ әжей мәнді өткен өмірінің соңында баспанасыз қалыпты дегенге кім сенеді? 7 мамыр 2015, 00:00 6 409 рет қаралды
​Қарапайым қаһарманның жазбасынан Қоғам

​Қарапайым қаһарманның жазбасынан

«Ардақты артық көруші Ағамызға, тағы басқа жолдас-тарыңа інің Шайрманнан сағынышты сансыз сәлем. Бөтен айтар сөзім жоқ. Тек қана амандық білдіру. Амандық білу. Ағай, өзің де аман боларсың. Бұл жақта біздер аманбыз... Ағай, енді бізді бір жаққа жүргізер білемін, неге десең, біздің қасымыздағы балдарды киіндіріп жатыр. Енді бізге хат салма. Қош, сау бол. Көргенше күн жақсы болсын...Хат жазушы Булеков Шайрман.» 7 мамыр 2015, 00:00 3 543 рет қаралды
​Атыраудың жасыл базары Қоғам

​Атыраудың жасыл базары

Қаланың ірі сауда нүктелерінде нағыз «жасыл базарлар» пайда болды. Сатушылар баршаға белгілі алма, алмұрт, өрік сияқты жеміс ағаштарымен бірге өңірімізде сирек кездесетін шалшын, жаңғақ және тағы басқа өсімдіктердің көшеттерін ұсынуда және жақсылап күтіп-бақсаң, барлығы да шығады деп сендіруге тырысуда. 16 сәуір 2015, 00:00 6 113 рет қаралды
Жанельге жаңа өмір сыйлады Қоғам

Жанельге жаңа өмір сыйлады

Екі жылға жуық өмірінде көрген ауру мен тән азабына қарамастан, Жанель бір орнында отырмайтын, қозғалғыш бала ретінде қалыпты. Басқа сәбилерден оны тек байыпты да сезімтал көзқарасы айырып тұрғандай. Ол бөтен адамдарды жатырқамайды. Мені ақылды көздерімен бір шолып шыққан Жанель алақанына қысқан тәттілердің бірін ұсынды және мен оның осы тартуын қабылдағанша тағат таппады. 9 сәуір 2015, 00:00 2 759 рет қаралды
Жарияланбаған апат хроникасы Қоғам

Жарияланбаған апат хроникасы

Батыс Қазақстан облысындағы Березовка поселкесінің проблемалары Атырау тұрғындарын ерекше алаңдатады. Өйткені, бізде «АМӨЗ» ЖШС мен «Болашақ» зауыты иек астында тұр. Өткен жылдың қараша айында Қарашығанақ кенішіндегі қышқыл газ шығарындысынан кейін Березовкамектебінде 19 бала мен 3 ересек естерінен танып қалған оқиғалар туралы «Уральская неделя» газетінің журналистері Рауль УПОРОВ пен Талғат ОМАРОВ егжей-тегжейлі баяндап отырды. Олармен жүргізген сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз. 19 наурыз 2015, 00:00 2 188 рет қаралды
Ұлы Соғыс күнделігі Қоғам

Ұлы Соғыс күнделігі

Марапаттау қағазы жазбаларынан ...Ол қашанда тырсылдап тұратын. Абажадай, әбден ескірген «Ундервуд» жазу машинасы маңыздылығы жағынан соғыс қаруына тең еді. Ол полк немесе дивизия штабы қай жерде орналаспасын, барлық жерде басылып жататын. Үздіксіз жұмыс жасап, соғыс даласындағы оқиғаларды, марапатқа лайықты жауынгерлердің ерлігін тіркеп отыратын... 12 наурыз 2015, 00:00 6 672 рет қаралды
Кім болғың келеді? Қоғам

Кім болғың келеді?

С.Қазыбаев атындағы облыстық балалар үйінде ТШО қолдауымен «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар ҚБ жүзеге асырып жатқан «Менің кәсіби таңдауым» жобасының таныстырылымы өтті. Оған атыраулық балалар үйінің тәрбиеленушілері, сонымен қатар №№3, 16, 19 және 30 орта мектеп оқушылары тартылмақ. 19 ақпан 2015, 00:00 3 314 рет қаралды
«Автокресло дейсіз бе?» Қоғам

«Автокресло дейсіз бе?»

7 қаңтардан бастап жол қозғалысы ережесіндегі түзетулер күшіне енді. Соның ішінде 12 жасқа дейінгі балаларды тек қана автокресломен тасымалдау қажет. Бұл жаңа ереже әлеуметтік желілерде біршама талқыға салынды, әлі де талқылануда. 8 қаңтар 2015, 00:00 4 174 рет қаралды
Қабықтан сорпа, қаннан құймақ Қоғам

Қабықтан сорпа, қаннан құймақ

«30-жылдары біздің өңірімізде ешқандай аштық болған жоқ, Жайықтан балық аулап, күн көруге болады-мыс деп айтып жатады. Жоқ. Олай емес, - деп күрсінді Татьяна Антоновна ПУПЫКИНА балалық шағын еске алып. - Өте ауыр болды. Шын мәнінде біз балық қабылдау бекетінде қалған қабыршақтар мен сиыр қанынан құйылған құймақ жедік». 4 желтоқсан 2014, 00:00 2 924 рет қаралды
Қоғам

Тақырыпқа оралсақ: цифрлар мен түлектер туралы

25 қараша 2014 жылы azh.kz сайтында жастардың жұмысқа орналасу проблемасы туралы өткізілген «дөңгелек үстелде» талқыланған ақпарат жарияланды. Онда «Агротехникалық колледжді тәмамдаған 50 түлектің – ихтиологтар мен экологтардың тек біреуі ғана мамандығы бойынша Еркінқала бекіре өсіру зауытына жұмысқа орналаса алған» деген жаңылыс мәлімет айтылған. 28 қараша 2014, 14:36 2 002 рет қаралды
Аналарға арналған ғаламтор Қоғам

Аналарға арналған ғаламтор

Бала туу және бір жасқа толғанға дейін оған күтім жасау бойынша берілетін жәрдемақыны рәсімдеу үшін жас аналарға енді кезекке тұрудың қажеті жоқ. Электронды-цифрлық қолтаңба болған жағдайда электронды үкімет порталының тиісті қызметін пайдаланса жеткілікті (www.egov.kz). 4 қараша 2014, 11:21 3 320 рет қаралды
Нәзік бүлдіршіндер Қоғам

Нәзік бүлдіршіндер

Психологтар мектептегі «алты жасарлар» сыныбын құп көрмейді Бірінші оқу тоқсаны аяқталып қалды, ал алты жасар бірінші сынып оқушыларының алаңдаулы ата-аналарының психологиялық жастар орталығына баруы жиіледі. Әр жағдайдың анық-қанығына жеткен психологтар алты жастан бастап білім алу қазір жабығуға, тым мазасыздыққа және жалпы бала денсаулығының нашарлауына әкеп соқты деген пікірде.   31 қазан 2014, 15:50 3 069 рет қаралды
Олар бірге бақытты Қоғам

Олар бірге бақытты

Индер ауданы Есбол ауылында тұратын ерлі-зайыпты Асылбек ХАСАНОВ пен Қалы ҒҰМАРОВА осыдан он бір жыл бұрын балалар үйінің үш тәрбиеленушісін бауырына басып, патронат ата-ана атанды. Бүгінде олар үшеуі де ұядан түлеп ұшты. Әрқайсысы өз жолын тапты десе де болады. Ал өткен жылы бұл отбасы тағы екі баланы қамқорлыққа алды. 29 қазан 2014, 11:11 2 770 рет қаралды
Бұл сағым емес Қоғам

Бұл сағым емес

«Теңізшевройл» өзінің қазақстандық қызметкерлерінің балалары үшін инновациялық мектеп салды, ал ол үшін оқу бағдарламасын Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры (ННБҚ) әзірледі. Мектеп 8 қазанда ресми түрде ашылды. Жобаның құны жария етілмейді. 13 қазан 2014, 11:09 2 282 рет қаралды
Әділет қиындықты жеңіп шығады Қоғам

Әділет қиындықты жеңіп шығады

Трансформаторлық стансада екі қолынан айырылған баланың анасына «Атырау Жарық» АҚ моралдық зиян үшін бір миллион теңге және Германияда күрделі операция жасату үшін тағы он миллион теңге төлейтін болды. 19 қыркүйек 2014, 16:10 3 628 рет қаралды
Әлемдік рекордты жаңартпақ Қоғам

Әлемдік рекордты жаңартпақ

11 сынып оқушысы Мұхтар ОРЫНБАСАРОВТЫҢ (суретте) Рубик шытырманын шешу қабілетін көрген жан қатты таңғалады: қолы-қолына жұқпай, кубикті шыр айналдырғанда саусақтарын көре алмайсыз. Оқушы кубикті санаулы секундтарда шешеді, ал, қазір көзін байлап, бір қолмен жинауды үйреніп жүр. 10 шілде 2014, 00:00 2 268 рет қаралды
Рамазан - мұсылмандардың ұлық мерекесі Қоғам

Рамазан - мұсылмандардың ұлық мерекесі

Айлардың сұлтаны болған Рамазан айы – Алла тағаланың мұсылмандарға берген сыйы әрі нығметі. Бұл айда күнәларымыздан арылып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартып, Аллаға жақындауға берілген мол мүмкіндіктер бар. Құран Кәрімде айтылған Рамазан айының ерекшелігі  - бұл мезгілде жасалған кез келген қайырлы амалдың сауабын санау мүмкін емес. Мүбәрак Рамазанның құндылықтары мен қадір-қасиетін жақсы түсінген ізгі адамдар оразаға алты ай қалған сәттен бастап: «Раббымыз, бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр!» – деп дұға жасап, Жаратушымызға жалбарынады екен. Өйткені, адамның осы айда ұстаған оразасы, қосымша құлшылықтары, өзгелерге жасаған қайырымдылығы, барлық сауапты амалдары Алланың мейіріміне бөлеп, разылығын алуға жақындата түспек. 26 маусым 2014, 00:00 16 996 рет қаралды
Сахнадағы және жүректегі мереке Қоғам

Сахнадағы және жүректегі мереке

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында 1-маусым балаларды қорғау күніне орай «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы ұйымдастырған мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы сурет байқауы қорытындыланды. Осы жерде балалар өз өнерлерін де сыйлады. 19 маусым 2014, 00:00 3 599 рет қаралды