Атырау, 23 қараша 09:07
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңа өмірге үйретер жоба

3 019 просмотра

«ҚТҰ» бірлестігінің жетекшісі Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ«ҚТҰ» бірлестігінің жетекшісі Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ«Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар бірлестігі «Асырап алушы ата-аналар мектебі» және «Жетім балаларға интернаттан кейін қолдау көрсету» бағдарламаларын қамтыған «Жаңа өмір» жобасын аяқтады.

Жұмыс қорытындылары бойынша шағын фильм түсірілді. Мұны Жасөспірімдер үйі және «Шаңырақ» отбасылық үлгідегі балалар ауылы шәкірттері жанұялық мереке түсіріліміндей қызыға қарады. Экранда - олардың өз қолдарымен спорт ауласын жасағаны туралы сюжет. Құрылыс материалдары мен спорттық құрал-саймандарды алуға демеушілер көмектесті. Спорт аймағында волейбол алаңы мен теннис үстелі және тренажерлер орналастырылды. Сонымен қатар, олар демалатын жерлерді жабдықтап, тал екті. Барлығын өз қолдарымен жасады, сондықтан да ерекше ыстық көрінеді.

Бастапқыда Жасөспірімдер үйі шәкірттерін жұмыс жасауға көндіру оңай болған жоқ. Балалар үйінде оларға бәрі дайын, киімдері жуулы, тамақтары пісулі, балалар бойындағы бастамашылық ұмытылады, ал, қалыптасқан әдетті өзгерту қиын. Басында қиын болды, артынан бәрінде қызығушылық оянды. Балалар өздерін жер қазушы да, бетон құюшы да, дәнекерлеуші де, сырлаушы, көгалдандырушы ретінде де байқап көрді. Қыздар гүл егіп, оны күтуді үйренді. Сонымен қатар, іс тігу, ас пісіру, дастархан даярлауды да игерді.

- Үйде қонақ күттік, балалардың бюджеті шағын болды – 5 мың теңгеге үйлестіру қажет. Нәтижесінде жақсы дастархан жайылып, үстел үстінде ең керекті тағамдар қойылды. Осылайша олар ақшаны дұрыс санай білсең, бәрін жасауға болатынын түсінді, - дейді жобаның үйлестірушісі Нелли КУЛИКОВСКИХ.

- Бұл жоба аяқталып жатыр. Біздің алдағы жұмыстарымыз балалар үйі шәкірттерін кәсіби бағыттауға арналады, біз оларға өз қабілеттеріне қарай мамандық таңдауға көмектесеміз, қаржылық сауаттылыққа баулып, танымдарын кеңейтіп, бастысы, еліміздің тең құқылы азаматы болуға үйретеміз, - дейді «ҚТҰ» бірлестігінің жетекшісі Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ.

Тағы бір жоба – асырап алушы ата-аналар мектебі Атырауда екінші жыл жұмыс жасап жатыр. Бұл жерден бала асырап алғысы келетін адамдар онымен қалай сөйлесу керектігін, құжаттарды ресімдеу проблемаларын шешу жолдары туралы біле алады. Мектеп ашылғаннан бері 60 ата-ана оқудан өткен. Үміткерлер әр түрлі болды – біреулері балаларын өсіріп үлгерген болса, бірі ата-ана болу бақытын әлі сезіне алмағандар. Алайда көпшілігінің ойында дені сау бес жасқа толмаған бала керек, қыз болғаны тіпті жақсы, олар биязы болады деген тұжырым қатып қалған. Асырап алушы ата-аналар мектебінде психологтар бұл мәселеге басқа жағынан келуге, балалардың мінездерімен санасып, олардың қажеттіліктері мен қалауларына көңіл бөлу керектігін үйретті.

- Біз мектепте жастары үлкендеу балаларды таңдауға кеңес береміз, олар өскенде отбасына көмектеседі ғой, - дейді Н. Куликовских.

Жалпы алғанда, жобаның арқасында мемлекеттік органдар мен асырап алушылар арасында байланыс орнатылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.