Атырау, 23 қараша 10:23
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Бөбек» жетімдерге білім алуға қол ұшын береді

3 023 просмотра

Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық балалар үйінде болды.

Әкім балалар үйіне тұрмыстық техника, бүкіл балаға тәттілер сыйға тартты. Бүгінде бұл жерде 71 бала тұрады, оның 23-і тұл жетім, қалғандары – ата-аналық құқықтарынан айырылған немесе бас бостандығынан айыру орындарында жүрген ата-аналардың балалары.

Балалардың жасы 3 пен 18 жас аралығында. Олар жақын маңдағы қалалық №3, 16 және 19 мектептерде оқиды.Балалар үйінің директоры Сәния МУСИЕВАНЫҢ айтуынша, бұрынғыдай жабық оқу орындарында оқытқанда қарағанда, жалпы мектептерде оқу балалардың әлеуметтенуіне мүмкіндік береді екен.

– Мектеп бітіргеннен кейін олар қайда барады?

– Әдетте колледждерге оқуға түседі. Гимназиялық сыныптарда оқитын азғана бала бар, олар бүгінде беделді оқу орындарына түсуді армандайды. Оның үстіне биыл бұл Сара НАЗАРБАЕВАНЫҢ арқасында мүмкін бола бастады. Оның бастамасымен «Бөбек» қоры балаларға арналған депозит есепшоттарын ашты: жасы мен оқу үлгеріміне байланысты тұл жетімдер үшін бастапқы сомасы 500 мыңнан 1,7 млнтеңгеге дейін. Жыл сайын олар 16 пайызға толығып отырады, оның 9 пайызы – «Халық банкінің» және 7 пайызы – Республикалық қаржы орталығы қаржысының есебінен. Депозиттер тек білімге ғана арналған. Мектепті аяқтағаннан кейін олар оқу орнын таңдап, жинақталған қаржыға өз оқу ақысын төлей алады. Егер түлек грант бойынша оқитын болса, онда осы қаржыны 23 жасқа толғанда түсіріп алып, өз қалауынша жұмсай алады. Жасыратыны жоқ, біздің балаларымыз оқу тұрғысында көбіне әлсіздеу, әрқайсысының ауыр тағдыры бар.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

26 желтоқсан 2014, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.