Атырау, 23 қараша 12:29
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әлемдік рекордты жаңартпақ

2 113 просмотра

11 сынып оқушысы Мұхтар ОРЫНБАСАРОВТЫҢ (суретте) Рубик шытырманын шешу қабілетін көрген жан қатты таңғалады: қолы-қолына жұқпай, кубикті шыр айналдырғанда саусақтарын көре алмайсыз. Оқушы кубикті санаулы секундтарда шешеді, ал, қазір көзін байлап, бір қолмен жинауды үйреніп жүр.

Бала жігіттің айтуынша, мұндай ерекше ермекті бірнеше жыл бұрын досы үйреткен екен. Ол шытырманды жинаудың бірнеше алгоритмін көрсеткен. Қағілез бала бірден үйреніп кетті.

Жақында Мұхтар Новосібір қаласында Рубик шытырманын жылдамдықпен шешу сайысына қатысу мүмкіндігіне ие болды және қуанышымызға қарай, бірінші орын алды.

- Жарысқа кез келген адам қатыса алады, - дейді спидкубер (ол өзін осылай атайды). – Мен жай ғана тіркелдім де, бардым.

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ:
Рубик шытырманын 1974 жылы венгр мүсіншісі және сәулет оқытушысы Эрне Рубик ойлап тапқан. Механикалық шытырман сыртынан көрінбейтін цилиндрлік құрылғы арқылы айналатын шағын 26 кубиктен құралған. Тапсырма – аз уақыттың ішінде кубиктің барлық беттері бір түске айналуы тиіс.
1980 жылдардан бастап Рубик кубигі бүкіл әлемге әйгілі болды. Оны жылдамдықпен жинау бойынша чемпионаттар еуропалық елдерде әлі күнге дейін өткізіліп келеді. Әзірге голландық Эрик Аккерсдейктің 2007 жылы қазанда жасаған Рубик кубигін жылдамдыққа жинау бойынша әлемдік рекорды (9,77 секунд) жаңартылған жоқ.

Қазылар алқасы шытырманды шашып, әр ойыншыға арнайы әзірлейді. Жинауды бастамас бұрын әр ойыншы ұсынылған тапсырмамен танысып, алақанын секунд санаушы қондырғыдан алып (осылайша уақыт санау іске қосылады), жинауға кіріседі. Бес рет әрекет жасап, содан кейін орташа уақыты есептеледі.

- Уақытты санағанда әр ұсақ-түйек есепке алынады: тіпті, сәл бұрылмай қалған бұрыш та секундтарды жұлып кетеді, ал бұл қорытынды есепке үлкен әсер етеді, - дейді Мұхтар. – Бойыңды адреналин билеп, делебең қозады. Сәл бұрылмай қалған бұрыш үшін уақытымды қысқартқан, алайда бұл маған үздік нәтиже – 16,67 секунд көрсетіп, жеңімпаз болуға кедергі болған жоқ.

Айтпақшы, жас жігіт өз шытырмандарын Ресейден тапсырыс беріп алдырады екен, ал, базардағы «ойыншықтарға» қарағысы да келмейді:

- Олар өте сапасыз жасалған, олармен қалай жұмыс жасауға болатынын көзіме де елестете алмаймын. Бұл істе кубиктің күш салмай бұралып, кейбір өз ерекшеліктері болғаны маңызды... Мұны кәсіпқой емес адамға түсіндіру қиын, әр шытырманның өзіне тән ерекшеліктері болады.

Айта кетсек, Мұхтар спидкубингпен қатар музыкамен, паркурмен (кедергілерден өту) және бағдарлама жасаумен әуестенеді.

- Мен қаламызда шытырман шешу әуесқойларының клубы ашылғанын қалаймын, өз білгендерімді барлығына қуана-қуана үйретер едім. Бұл алғаш қарағандай қиын емес, өте қызықты: ми бұл сәттерде өте қарқынды жұмыс жасайды, шахмат сияқты... Эрик Аккерсдейктің әлемдік рекордын жаңарту жоспарымда бар. Енді аз ғана тәжірибе жинасам, бәрі де орындалады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

10 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.