Атырау мұнай және газ институтының 21 жастағы студенті Абылай ҚАЛИЕВ өз комикстері арқылы интернетте әйгілі болды.
Анықтағанымыздай, Абылайдың суретшілік білімі жоқ, ал үлкен еңбекті қажет ететін комикс жасау ісін өзінің сурет салуға деген құлшынысы арқасында интернеттен үйренген.
- Мен бала кезімнен бастап американдық, жапондық комикстерді сүйсініп оқитынмын, - дейді Абылай. – Содан 10 жасымда өзім немесе інім Серік екеуміз ойлап тапқан сюжеттерді сала бастадым. Басында нашар шыққан, кейіннен қолым үйреніп, жақсы сала бастадым. Ең алғашқы Ораз деген қазақ баласына арналған фэнтези стиліндегі комиксімді белгілі ресейлік мамандандырылған журналға жібердім. Бас кейіпкер өмірдің мәнін іздеп, ғалымдардың миынан түрлі білімдерді алады.
- Ол қандай қорытындыға келеді?
- Ол өмірдің мәні тек білімде емес екенін, әркімнің өз шындығы бар екенін түсініп, көңілі қалады. Бұл оқиға он бетке салынған, оны айтқаннан гөрі көрген дұрыс.
... «Рамка» деп аталатын әр бөлек суретті салу үшін 3-4 сағат уақыт кетеді. Осыдан кейін суретті сканерлеп, түрлі түске бояп, дайын басқа суреттермен байланыстырады.
Қазір Абылай қазақстандық «Khan Comics» комикстер баспасымен келісімге келіп, суретті оқиларын дайындап жатыр. Сюжет негізіне жеті күннен кейін өлетінін білген адамның өмірі қалай өзгереді деген философиялық идея алынған.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суреттер автордікі және Абылай Қалиевтің мұрағатынан алынған