Атырау, 29 қыркүйек 06:31
 дождьВ Атырау +9.4
$ 441.77
€ 502.38
₽ 5.23

Тақырыпқа оралсақ: цифрлар мен түлектер туралы

2 267 рет қаралды

25 қараша 2014 жылы azh.kz сайтында жастардың жұмысқа орналасу проблемасы туралы өткізілген «дөңгелек үстелде» талқыланған ақпарат жарияланды. Онда «Агротехникалық колледжді тәмамдаған 50 түлектің – ихтиологтар мен экологтардың тек біреуі ғана мамандығы бойынша Еркінқала бекіре өсіру зауытына жұмысқа орналаса алған» деген жаңылыс мәлімет айтылған.

Осыған байланысты ресми түрде төмендегіні мәлімдейміз: «Атырау аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК алты жылдан бері «Балық шаруашылығы, ихтиология» мамандығы бойынша оқушылар дайындамайды. Бұл мамандық бойынша соңғы түлектер саны 18-ді құрап, 2008 жылы бітіріп шықты. Сол жылы бұл түлектердің барлығы мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты.

Ж. Аманғалиева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

28 қараша 2014, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған