Атырау, 23 қараша 09:27
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кім болғың келеді?

3 214 просмотра

С.Қазыбаев атындағы облыстық балалар үйінде ТШО қолдауымен «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар ҚБ жүзеге асырып жатқан «Менің кәсіби таңдауым» жобасының таныстырылымы өтті. Оған атыраулық балалар үйінің тәрбиеленушілері, сонымен қатар №№3, 16, 19 және 30 орта мектеп оқушылары тартылмақ.

– Ата-аналар болашақ мамандық таңдау кезінде өз балаларының пікірін ескермейтін жағдай жиі орын алады. Ал мектеп педагогтары мен психологтары, әдетте, осынау маңызды таңдаудан тысқары қалады, - дейді «ҚТҰ» ЖҚБ жобалар менеджері Нелли КУЛИКОВСКИХ. – Әсіресе, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қиындау тиіп жатады, олар белгілі бір салада жұмыс жасауды елестетуге қиналады. Сондықтан жоба ең алдымен балалар үйінің тәрбиеленушілері оқитын мектептерді қамтиды. Алайда жұмыс кәдімгі «үй» балаларымен де жүргізілетін болады.

«ҚТҰ» балалармен біраз уақыттан бері жұмыс жасайды. Мәселен, 2012 жылы ТШО-мен бірігіп, балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіруге, балалардың құрдастарымен қарым-қатынас жасау, қойылған мақсатқа жете білу машықтарын дамытуға бағытталған «Балалардың мүмкіндіктерін арттыру: жетістік жолында» жобасы жүзеге асырылды. Оған 60-тан астам бала қатысты, солардың ішінде «Шаңырақ» отбасылық балалар ауылының, «Ақбота» балалар үйінің, С.Қазыбаев атындағы №1 мектеп-интернаттың, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, №№9 және 19 орта мектеп оқушылары қатысты. Оларға жоба барысында №12 орта мектеп, Кіші өнер академиясы, Досмұхамбетов атындағы лицей қосылды. Ортақ сабақтар балаларды өз ойларын айқын білдіруге үйретті, олардың ой-өрістерін кеңейтті. Әсіресе, оларға жас тілші үйірмесінің сабақтары қатты ұнады. «Біз сіздерді сеземіз және естиміз» атты тағы бір жоба («Бота» қоғамдық қорының қолдауымен) есту қабілеті бұзылған 41 сәбиге арналған еді. Мамандар шейпинг, арт-терапия және үстелүсті теннисі бойынша балалармен сабақтар өткізді. Бұдан басқа, балалар бірнеше кәсіпорында болып, белгілі бір өнімдердің қалай шығарылып жатқанын өз көздерімен көрді.

– Босқа жұмыс жасап жатпағанымыздың көрнекті дәлелдерінің бірі – бұл Жасөспірімдер үйіндегі өзгерістер, - дейді «ҚТҰ» ЖҚБ төрағасы Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ. – Балалардың өздері өз қолдарымен ауланы абаттандырулары керек деген жоспар бар болатын. Бастапқыда оларды көндіру қиын еді, бірақ кейін іске кірісіп кетті. Соның барысында қыздар мен жігіттер бетон жұмыстарын, монтаждау, дәнекерлеу, бояу-сылау, көгалдандыру жұмыстарын үйренді. Нәтижесінде өздері жол төсеп, турник орнатты, волейбол алаңын, кір ілетін бағандарды жарақтады.

«Менің кәсіби таңдауым» жобасына кем дегенде 9-сыныптардың 200 оқушысы жұмылдырылмақ. Қазіргі кезде мектеп психологтарымен бірге оқыту профильдері бойынша бөлу үшін балалардың не ұнататынын және олардың мүмкіндіктерін анықтауға көмектесетін тестілер әзірленуде. Жоба жүзеге асырылып жатқан мектептерде кәсіби бейімдеу бұрыштарын, қызықты адамдармен, өз ісінің шеберлерімен кездесулер, кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастыру жоспарлануда.

Тамара СУХОМЛИНОВА

19 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.