Атырау, 5 желтоқсан 09:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Аналарға арналған ғаламтор

3 314 рет қаралды

Бала туу және бір жасқа толғанға дейін оған күтім жасау бойынша берілетін жәрдемақыны рәсімдеу үшін жас аналарға енді кезекке тұрудың қажеті жоқ. Электронды-цифрлық қолтаңба болған жағдайда электронды үкімет порталының тиісті қызметін пайдаланса жеткілікті (www.egov.kz).

Өтініш беру процедурасы мынадай: өтініш беруші бекітілген нысан бойынша жәрдемақы тағайындауға электронды өтініш толтырады да, электронды үкімет шлюздері арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі мен екінші деңгейлі банктерге сұраныс жасайды. Мұнда келесі мәліметтерді алу қажет:

- ЖИН, аты-жөні, туған жылы (жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорынан сұралады (ЖТМДҚ));

- жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері – түрі, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді (ЖТМДҚ-нан);

- МЗТО бөлімшесінің коды (автоматтандырылған МЗТО ақпараттық жүйесінен);

- банктік реквизиттер (электронды үкімет шлюзы арқылы екінші деңгейлі банктерге сұраныстар);

- өтініш берушінің балалары туралы мәліметтер: ЖИН, аты-жөні, туған уақыты («АХАЖ» ақпараттық жүйесі және ЖТМДҚ), жәрдемақы рәсімделетін баланың туғанын тіркеген актілік жазбасының нөмірі мен уақыты («АХАЖ» АЖ).

-  Егер қандай да болмасын қателіктер анықталатын болса, біздің қызметкерлер құжаттарды қабылдаудан бас тартады да, электронды үкімет порталында себебін көрсетіп, бас тартылған хабарламаны өтініш берушінің жеке кабинетіне жолдайды, - деп түсіндірді Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының облыстық филиалындағылар. – Егер құжаттардың бәрі дұрыс болса,   электронды өтініш тікелей МЗТО бөлімшесіне қаралатын хабарламалардың жүйелік кезегіне орналастырылады.

Қызмет тегін көрсетіледі, ол өтініш берушілерге тәулік бойына қолжетімді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

4 қараша 2014, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.