Сұрақ-жауап ЖИН-нің болуы міндетті емес – 2003 жылы туған ұлымның туу туралы куәлігінде ЖИН көрсетілмеген. 21 мамырда біз Алматыға ұшақпен бармақшы едік, баламның ЖИН болмауы ішкі рейстерге билет алу барысында кедергі болмай ма? 11 мамыр 2011, 19:09 2 486 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сотқа жүгінген жөн – Менің балам өсіп келеді. Балам әкесінің тегіне жазылған, алайда, біз некеде емеспіз, оның тарапынан ешқандай да көмек беріліп жатқан жоқ. Мен ресми түрде жалғызбасты ана мәртебесін ала алам ба? 4 мамыр 2011, 19:40 2 395 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бөгделерге жол жабық – Таяуда саға арқылы өзенге түспес үшін Каспий теңізі жақтан Шыман өзек деп аталатын балық жүретін канал арқылы қайықпен жүзіп өткенбіз. Каналдың өзенге құятын жері қолдан жасалған шлагбауммен қалқаланыпты. Жағалаудағы маңдайшаға қарағанда, мұны «Ақ жайық» қорығының қызметкерлері жасаған. Бұл қаншалықты заңды? 4 мамыр 2011, 21:10 2 026 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ешқандай ақша берілмейді - Мен бір мекемеде 3 ай жүктілік мерзімімде биылғы ақпан айында өз еркіммен жұмыстан шығып кетіп едім. Онда небары 6 ай ғана жұмыс істедім. Содан бері екі ай өтті. Төлем орталығына 3 ай бойы ғана зейнетақы есепшотыма ақша түсіп тұрды. Декреттік демалысым мамыр айында бітеді. Маған бұл жағдайда декреттік жәрдемақы қалай төленеді? Ол үшін қандай құжаттарды және оларды қайда тапсыруым қажет? 4 мамыр 2011, 16:11 2 302 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бұл бала мұраға құқылы – Менің ата-анам кішкентай кезімде ажырасып кеткен. Әкемді тіпті, ата-аналық құқығынан айырған. Жақында әкем қайтыс болды. Оның артында әке-шешесінен қалған үш бөлмелі пәтері қалды. Сол пәтерге бірден әкемнің қарындастарының бірі көшіп келді, мен де бұл пәтерге қатысты өз құқымның бар екендігін айтуға тырысқанымда, ол маған әкемнің ата-аналық құқығынан айырлығандығын дәлел ретінде алға тартты. Анам менің олармен байланыспағанымды қалайды, алайда, мен әкемнің бізге еш уақытта көмектеспегендігінен бұл іске барып отырмын. Әкемнің мұрасынан иеленуге менің құқығым бар ма? 27 сәуір 2011, 20:34 3 204 рет қаралды
Сұрақ-жауап Білім мен тәжірибе керек - Менің мамандығым – мейірбике (медсестра). Он жылдық еңбек өтілім бар. 2000 жылдан бері бала тәрбиесімен үйде отырып қалдым. Содан бері 11 жыл өтті. Енді жұмысқа тұрғым келеді. Осындай көп уақыт үзілістен кейін медицина саласында қызметке тұруға мүмкіндігім бар ма? 20 сәуір 2011, 22:01 3 493 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жәрдемақы жайлы жалған ақпар - Мен биылғы жылы туылған сәбиге үкімет тарапынан 700 мың теңге жәрдемақы беріледі деп естіп едім. Осы қаншалықты рас? Рас болса, ол үшін қандай құжаттар жинау керек? 20 сәуір 2011, 22:15 2 447 рет қаралды
Сұрақ-жауап Еңбек демалысыңыз қалай төленбек? - Менің мамандығым - мұғалім. Мектепте бір жерде 18 жыл қызмет еттім. Қазір декреттік демалыстамын. Былтыр кезекті демалыстан соң, тамыз-қыркүйек айларында жұмыс істеп, қазанның 10-ынан ақпанның 15-іне дейін декретке шықтым. Қолыма баланы босануыма байланысты бір реттік жәрдемақымды алдым. Содан бері қазір үйде бала күтімімен отырмын. Білгім келгені, маған еңбек демалысының ақшасы төлене ме және қандай уақыт мерзіміне байланысты берілуі тиісті? Себебі, есеп бөліміндегілер тек тоғыз күнге ғана есептеп отыр. Одан басқа, мұғалімдерге тиесілі бір жолғы сауықтыру жәрдемақысы деген төлене ме? 20 сәуір 2011, 22:16 3 852 рет қаралды
Сұрақ-жауап Зейнетақы қорындағы ақшамды заңсыз аударып алыпты Жұмыс барысында жарақат алып мүгедек болып қалған баланы дәрігерге көрсету қамымен зейнетақы қорындағы ақшаны алу мүмкіндігін қарастырған едім. Бірақ «Ұлар Үміт» зейнетақы қорындағы баламның зейнеткерлік төлемін Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының (ГНПФ) балама ескертусіз және келісім шартсыз құйып алғанын естіп таң қалдым. Мәселе сотқа берілді. Алайда Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының Атыраудағы филиалы басшысы бірнеше мәрте қатарынан сотқа келмей жүр. Сот жауапты адам келмесе шешім қабылдай алмай ма? 20 сәуір 2011, 22:19 2 298 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бірыңғай тариф бар ма? - Балабақшаға күн сайын ұсталатын бірыңғай тариф неге жоқ? 14 сәуір 2011, 18:11 3 225 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жұмыскер-2 - жеке поселке – Біз Жұмыскер-2 (Өркен) ықшамауданында тұрамыз. Таяуда қалалық емханалардың біріндегі окулистке келіп едім, мені Балықшыдағы емханаға жіберді. Айтыңызшы, біздің ықшамаудан қалаға жата ма, әлде Балықшыға ма? 13 сәуір 2011, 20:49 3 219 рет қаралды
Сұрақ-жауап Суару үшін су тарифі бөлек - Жеке сектордың тұрғындарына қалалық суару құбырына қосылуына бола ма? Жалпы өз көшеттерімізді су құбырының суымен суаруға дайынбыз. Алайда бұл үшін төлемнің жоғарғы тарифпен алынбайтындығына көз жеткізгіміз келеді. 6 сәуір 2011, 20:29 2 482 рет қаралды
Сұрақ-жауап Заттай дәлелдемелер туралы іс - Жақында менің бұрынғы күйеу балам тұтқынға алынды. Ол мінген көліктен тыйым салынған заттар табылған. Оны қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркеген. Алайда көлік маған тиесілі, ал ол тексенімхат бойынша басқару құқығымен ғана жүргізіп жүр. Машинаны маған ақыры қайтармады, ал алу хаттамасының көшірмесін бұрынғы күйеу балама берген. Оның үстіне, тергеуші Бектұрғанов маған машинаны тексеріп шығуға, оның дұрыс күйде екеніне көз жеткізуге бермеді, заттай дәлелдеменің жағдайы – спидометрдің көрсеткіші, бензин мөлшері, майысқан жерінің бар-жоғы туралы куәландыратын ешқандай құжат бермеді. Алайда бұған менде қала прокурорының қолы қойылған тиісті хаты бар. Маған оны дұрыс күйде қайтаратындығына кепілдік бар ма? 30 наурыз 2011, 20:35 5 181 рет қаралды
Сұрақ-жауап Еңбек демалысыңыз төленеді - Мен СЭС-те санитардың аға көмекшісімін. Былтырғы жылдың қараша айының 1-і күні декреттік демалысқа шықтым. Дәрігерлер 6-наурызда босанып, 20-наурызға дейін еңбекке жарамсыздық бетшесін берді. Енді 20-наурыздан бастап бірден кезекті демалыс алайын десем, есепші маманымыз алты ай жұмыс істемеген адамға оның берілмейтінін айтады. Ал мен былтыр тамыз айынан бастап кезекті демалысқа шыққан едім. Екі ай жұмыс істеп, декретке шықтым. Біздің кезекті демалысымыз – 36 күн. Маған бұл жағдайда кезекті демалыс берілмеуі дұрыс па? Тағы да білгім келгені, менің 2-санатымның мерзімі 1-мамырда бітеді. Ол демалыс ақшасының көлеміне әсер ете ме? 30 наурыз 2011, 17:32 5 276 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бұл заңға қайшы - Менің қызым шетелдік компанияда жұмыс істейді. Өзі бес ай жүктілік мерзімде. Кадрлар бөліміндегі маман оған қысқартуға ұшырайсың депті. Осы дұрыс па? Бұл қаншалықты заңды? 30 наурыз 2011, 17:37 2 487 рет қаралды
Сұрақ-жауап Cәби сүйгім келеді - Менің жасым 23-те. Былтыр сәуір айында кесаревомен босандым. Бірақ, сәбиім дүниеден өтіп кетті. Биыл тағы да жүкті болдым. Бір ай жүктілік мерзіміндемін. Күйеуім бала сүйігісі келеді. Білейін дегенім, менің немесе баламның өміріне босану процесін бір жыл өткен соң қайталау қатерлі болмай ма? Білікті мамандар бұған не дейді екен? 30 наурыз 2011, 17:39 3 480 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ескерткішті есіркейік! - Менің білуімше, Балықшыдағы балық өнеркәсіп зауытының маңындағы 1975 жылы ашылған Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес-жауынгерлерге арналған ескерткіш жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген еді. Қаланың билік басындағылары бұл ескерткішті қайтадан қалпына келтіруді және ескерткіш орналасқан аумақты көріктендіруді қолға ала ма? Өйткені, ескерткіш өте нашар күйде... 16 наурыз 2011, 00:40 2 735 рет қаралды
Сұрақ-жауап Тұрғын үй жәрдемақысы тиесілі - Мен зейнеткермін, жалғыз өзім тұрамын. Ересек үш балам бөлек тұрады. Мен тұрғын үй жәрдемақысын ала аламын ба әлде ол ешқандай туғаны жоқ жандарға ғана төлене ме? Телефон арқылы 16 наурыз 2011, 00:47 2 960 рет қаралды
Сұрақ-жауап Биыл жеңілдіктер жоқ - Менің балам АИГИ колледжінде оқиды. Біз оқу жылының жарты ақшасын төлеп қойдық. Өзім жұмыссызбын. Күйеуім өмірден озған. Енді әкесі жоқ балаға колледж оқуының ақшасын жартылай төлеуге жеңілдік бар ма? Мен облыстық әкімдіктен сондай жеңілдік қарастырылған деп естіп едім. Бірақ, колледж ұстаздары ондай тәртіп бізге әлі келген жоқ дейді. 9 наурыз 2011, 22:20 3 564 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ұлыңыз әуелі комиссиядан өтсін - Менің жалғыз ұлым бар. Оның жасы 17-де. Күйеуім жоқ. Өзім жұмыссызбын. Отбасының жалғыз асыраушысы ретінде ұлымды әскер қатарынан қалдыра ма? 3 наурыз 2011, 17:19 2 641 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бәрін де комиссия шешеді - Мен мектепте вахтершы болып жұмыс істеймін. Өзім 57-жылғымын. Келінім жедел-жәрдем қызметінде фельдшер болып жұмыс істейтін. Жұмыста жүріп 2003 жылы жол көлік апатынан көз жұмды. Ішінде 5 айлық баласы бар болатын. Артында екі ер бала қалды. Қазір үлкені 11 жаста, 6-сыныпта, кішісі 9 жаста, 4-сыныпта оқиды. Мен екеуін қамқорлығыма алып отырмын. Жедел-жәрдем қызметінен ай сайын 11 мың теңге жәрдемақы алып отырмыз. Ол аз. Мен балаларға үй сұраймын. Пәтер кезегіне тұрғанбыз. Бірақ, кезегіміз жылжымай тұр. 3 наурыз 2011, 17:29 2 713 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көп балалы отбасылар үшін 6 мың теңге - Менің төрт балам бар, олардың үлкені бірінші некеден болса, үшеуі екінші некеде дүниеге келді. Екінші күйеуіммен мен некеге отырмағаныммен балаларымның тегі соның атына жазылған. Мен алимент алу жөнінде шағымданғанмын, алайда, күйеуім төлемей отыр. Мен мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына көмек сұрап барғанымда ондағылар маған күйеуімнің алиментті төлемей отырғандығы жөнінде анықтама алып келуімді сұрады. Бүгінгі күні мен жұмыста жоқпын, ең кіші баламмен үйде отырмын, ол бір жасқа тола қойған жоқ. Маған мемлекет тарапынан қандай ма бір көмектер тиесілі ме? 2 наурыз 2011, 23:19 2 574 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мұз үстіндегі берекетсіздік - Қала маңына жақын Жайықтың қай жерлерінде мұз астынан әуесқойлық балық аулауға тыйым салынғандығын білгім келіп еді? Облыстық әкімдік үйінің ауданында өзеннен балық аулап жатқан әуесқой балықшыларды құқық қорғау органының өкілдері қуып жіберіп отырады. Сол жерден аулауға бола ма? 2 наурыз 2011, 23:28 2 847 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жәрдемақы төленеді - Мен бала асырап алдым. Маған қандай да бір жәрдемақылар тиісті ме? 24 ақпан 2011, 00:00 2 628 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қалаған оқуыңа түсуге болады - Жақсы тергеуші болуды армандаймын. Ата-анам ол мамандықтың болашағы бар дейді. ҚР ІІМ жоғары және орта оқу орындарына түсудің талаптары қандай? 24 ақпан 2011, 00:00 8 884 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жеке кәсіпкерге жәрдемақы тиесілі ме? - Мен төрт баланың анасымын. Жеке кәсіпкер болғандықтан, салық жарналарын өзім аударамын. Кейде кіріс болмай қалады, осы айлар бойына салық төлемеймін. Осындай жағдайда 1 жасқа дейінгі сәбиге жәрдемақы қалай есептеледі? Төртінші балаға жәрдемақы мөлшері қандай? Көп балалы ана ретінде маған жәрдемақы тиесілі ме? Мен сәбиімді 18-ші қарашада босандым, ал жәрдемақымды тек 2011 жылдың қаңтарынан ала бастадым. Өтіп кеткен айлар үшін тиесілі ақшаны талап етуге құқылымын ба? 17 ақпан 2011, 00:00 2 768 рет қаралды
Сұрақ-жауап Құжатыңызды көрсетіңіз! - Біз Қызыл Балық поселкесінде тұрамыз. Жақында бізге халық санағын жүргіземіз деп бір-екі рет адамдар келді. Отбасы құрамы және кімнің қайда жұмыс жасайтындығы туралы сұрады. Содан соң біздің жеке бас куәлігіміздің, СТН-нің көшірмелерін алып, кетіп қалды. Олар өз тараптарынан ешқандай құжаттар көрсеткен жоқ. Қандай халық санағы екендігін және біздің құжаттарымыздың көшірмелерін алуға құқықтары бар ма, соны білгіміз келеді? 9 ақпан 2011, 00:00 2 661 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Интертич» анықтама беруге құқылы... - Біздің компаниямыздың барлық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне «Интертич» сақтандыру компаниясы қызмет көрсетеді. Алайда менің балам оқитын мектепте «Интертич» беретін анықтаманың қабылданбайтындығын бірден ескертті. Алайда басқа мекемеде жұмыс жасайтын зайыбымның жұмысында анықтама еш қиындықсыз қабылданады. «Интертич» өздерімен ұжымдық келісім-шарт жасаған қызметкерлердің отбасы мүшелерінің денсаулықтары туралы анықтама беруге құқылы ма? 9 ақпан 2011, 00:00 2 825 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қарияларға көмектескім келеді - Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жалғызбасты қарияларға көмектесетін патронатты бикелер бар ма? Қалалық бөлімге олар қажет пе екен? Менің жалғызбасты қарияларға азық-түліктерін сатып әперіп, шаруашылықтарына көмектесуге бос уақытым бар. Патронатты бикелерге қандай талаптар қойылады, еңбекақы төлене ме және т.б.? 9 ақпан 2011, 00:00 3 224 рет қаралды
Сұрақ-жауап Апатты үйге жатса күреледі - Балықшыдағы Құнанбаев көшесі, 30а мекен-жайында орналасқан 5 қабатты жатақхана қашан күреледі? Ғимарат ескірген, қабырғалар ылғанданып кеткен, кәріздер жұмыс жасамайды. 2 ақпан 2011, 00:00 2 615 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кез-келген банк бөлімшелерінен төлеуге болады - Бұрын Сәтбаев, 23 мекен-жайында «Облтрансгаз», «Атырау су арнасы», «Атырау-Жарық» төлемдерін қабылдайтын қосындар жұмыс істеген болатын. Осы ауданның тұрғындары, біздер үшін барлық коммуналдық төлемдерді бір жерден төлеу қолайлы еді. Кейіннен ол жерден халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бізге жақын маңнан барлық коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу қосынын ашып берер ме екен? Бұл біз үшін өте қолайлы болар еді. 2 ақпан 2011, 00:00 2 292 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жәрдемақы мөлшері мекен-жайға тәуелсіз - Мен Индер поселкесінде тұрамын. Өткен жылдың қыркүйегінде үшінші сәбиім дүниеге келді. Босануыма байланысты бір мәрте берілетін жәрдемақының сомасы 45 мың теңгедей болды. Оған қоса ай сайын сәби күтіміне байланысты 7 мың теңгедей аламын. Атырауда тұратын құрбым үшінші баласына 11 500 теңге алады, ал босануына байланысты берілген жәрдемақы 56 мың теңге құраған. Неліктен қала мен ауылдағы жәрдемақы алушылардың арасында мұндай айырмашылық бар? 26 қаңтар 2011, 00:00 3 085 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жолдар жыры - Биыл Балықшы поселкесіндегі Рыбников, Жантайский (қазіргі Д.Нұрпейісова) көшелеріндегі және Чуйский өткеліндегі жолдарды жөндей ме? Өткен жылы қалалық әкімдікке хабарласқанымызда, бюджетте ақша қаралмағандығын айтқан еді. Биылғы жылғы ахуал қандай? Егер қандайма талдау жасар болса, билік бұл көшелерде ешқашан дұрыс жолдардың болмағанын білетін шығар. 26 қаңтар 2011, 00:00 2 597 рет қаралды
Сұрақ-жауап Оқуға қайда баруға болады? Оқуға қайда баруға болады? - 9-шы және 11-ші сыныптардан кейін қандай әскери оқу орындарына баруға болады? Телефон арқылы 19 қаңтар 2011, 00:00 28 064 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қарулы адам - Жақында сары мемлекеттік нөмірі бар ақ түсті «Жигули» көлігінен қаңғып жүрген иттерді атып жатқанын көрдім. Иттер құлаған соң белгісіз аңшы өлген итті көлігінің жүк салғышына салып алып, кетіп қалды. Бұл машина маған күдік туғызды. Әдетте, ондай нөмірлері бар машиналар шетелдік фирмалардікі болып саналады ғой. Мен, мәселен, ондай көліктердің жүргізушілері мен иелерінің бос уақытта осылайша ақша табатындығына сене қоймаймын. Байқасаңыздар, иттерді ату тұрғын үйлердің арасында болды, демек, күдікті аңшының жемтігіне кез-келген сәтте балалар мен үлкендер де айналар ма еді?! 19 қаңтар 2011, 00:00 2 589 рет қаралды