Атырау, 5 қазан 02:50
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жеке кәсіпкерге жәрдемақы тиесілі ме?

2 653 просмотра

- Мен төрт баланың анасымын. Жеке кәсіпкер болғандықтан, салық жарналарын өзім аударамын. Кейде кіріс болмай қалады, осы айлар бойына салық төлемеймін. Осындай жағдайда 1 жасқа дейінгі сәбиге жәрдемақы қалай есептеледі? Төртінші балаға жәрдемақы мөлшері қандай? Көп балалы ана ретінде маған жәрдемақы тиесілі ме? Мен сәбиімді 18-ші қарашада босандым, ал жәрдемақымды тек 2011 жылдың қаңтарынан ала бастадым. Өтіп кеткен айлар үшін тиесілі ақшаны талап етуге құқылымын ба?

Телефон арқылы

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы филиалы директорының орынбасары Алмагүл ШАТЕНОВАНЫҢайтуынша, барлық төрт баласы кәмелетке толмаса және анасымен бір жерге тіркелген болса, көп балалы ана ретінде әйелге жәрдемақы тиесілі. Жәрдемақының осы түрі төлем орталығына барған күннен бастап тағайындалады. Егер әйел жеке кәсіпкер болса, онда белгілі бір тоқсан ішінде кірісіңіз бола ма, жоқ па, оған қарамастан орташа 24 айдағы көрсеткіш алынады. Бұл сома 0,4 пайызға көбейтіледі. Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы ол дүниеге келген күннен бастап төленуі тиіс.

17 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.