- Биыл Балықшы поселкесіндегі Рыбников, Жантайский (қазіргі Д.Нұрпейісова) көшелеріндегі және Чуйский өткеліндегі жолдарды жөндей ме? Өткен жылы қалалық әкімдікке хабарласқанымызда, бюджетте ақша қаралмағандығын айтқан еді. Биылғы жылғы ахуал қандай? Егер қандайма талдау жасар болса, билік бұл көшелерде ешқашан дұрыс жолдардың болмағанын білетін шығар.
Біз қалалық әкімдіктің тұрғын үй-шаруашылық және көлік жолдары бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВҚА хабарласқан едік. «Қазір жобалау-сметалық құжаттарды дайындау мен жолдарды зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан жауабын тек екі айдан кейін ғана бере аламын».