Атырау, 26 желтоқсан 11:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бәрін де комиссия шешеді

2 604 просмотра

- Мен мектепте вахтершы болып жұмыс істеймін. Өзім 57-жылғымын. Келінім жедел-жәрдем қызметінде фельдшер болып жұмыс істейтін. Жұмыста жүріп 2003 жылы жол көлік апатынан көз жұмды. Ішінде 5 айлық баласы бар болатын. Артында екі ер бала қалды. Қазір үлкені 11 жаста, 6-сыныпта, кішісі 9 жаста, 4-сыныпта оқиды. Мен екеуін қамқорлығыма алып отырмын. Жедел-жәрдем қызметінен ай сайын 11 мың теңге жәрдемақы алып отырмыз. Ол аз. Мен балаларға үй сұраймын. Пәтер кезегіне тұрғанбыз. Бірақ, кезегіміз жылжымай тұр.

- Менің екі балам бар. Біреуі церебралді сал ауруымен ауырады. Екіншісі Даун ауруымен ауырады. Екеуі де кішкентай. Күйеуім бюджеттік мекемеде жұмыс істейді. Жалақысы мәз емес. Өзім балалармен үйде отырмын. Жұмыссызбын. Жас отбасымыз. Қазір жер үйді жалдап отырмыз. Оның коммуналдық жағдайы да оңып тұрған жоқ. Ал көппәтерлі үйден пәтер жалдауға ақшамыз жетпейді. Жақында біздер пәтер кезегіне тұрдық. Пәтер алуға жеңілдік бола ма?  Ол үшін не істеуіміз керек?

Тұрғын үй секторының бас маманы Марта НҰРҒАЛИЕВА бірінші сауалға қатысты «Қалалық әкімдік жанындағы тұрғын үй комиссиясы тарапынан жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілген кезде ұсынылып отырады», деп түсіндіріп өтті.

Ал екінші сауал бойынша:

- Негізінде, заң талабына сәйкес, пәтер кезегіне тұрған күннен бастап, пәтерді өзінің кезегінің ретімен алады. Кезексіз Ұлы Отан соғысына қатысқан пәтерге мұқтаж жандар алады. Сауал иесі пәтер кезегіне күні кеше тіркеліп отыр. Біздің пәтер кезегінде тұрған тұрмысы аз қамтылған пәтерге мұқтаж халықтың саны 9 мыңнан асып бара жатыр. Осылай аталатын кезектің өзі 11 топтан тұрады. Сұрақ қоюшы осы 11 топтың бірі – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ана болып есептеледі. Қала әкіміне жағдайын айтып, өзінің ахуалы бақылауға қойылған соң, комиссия құралу туралы ұсынысының қанағаттандыруын сұраған жөн. Комиссия арнайы мамандардан құралады. Олар өтініш иесінің тұрмысын зерттейді. Жалпы, пәтер кезегінде тұрғандардың бәрі мұқтаждар. Кейбірі моншада тұрамыз дейді. Құрылған комиссия баспанаға аса зәру отбасыларын іріктеп, пәтерді кезексіз бөлуді қарастырар еді, - деп жауап берді.

3 наурыз 2011, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.