Атырау, 22 желтоқсан 11:22
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ұлыңыз әуелі комиссиядан өтсін

2 493 просмотра

- Менің жалғыз ұлым бар. Оның жасы 17-де. Күйеуім жоқ. Өзім жұмыссызбын. Отбасының жалғыз асыраушысы ретінде ұлымды әскер қатарынан қалдыра ма?

Бұл сауалға қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Аслан МҰХАНБЕТАЛИЕВ жауап берді:

- Әскер қатарына 18 жастан бастап шақырылады. Бұл жағдайда әскер қатарына алыну-алынбауды ең алдымен әскери шақыру комиссиясы шешеді. Онда шақырылған азаматтың әскер қатарына жарамды-жарамсыздығы қаралады. Тұрмыстық жағдайы ескеріледі. Ол үшін отбасылық әлеуетін растайтын анықтама мен үй кітапшасы, әкесі дүниеден өткен болса, оның қандай жағдайда қайтқаны сұралады. Биыл 1994 жылғы ер-азаматтар бізден міндетті түрде медициналық сараптамадан өтуі керек. Олар әуелі бізде 17 жасынан тіркеледі. Бізге қорықпай келе беру керек. Әскери комиссариат бірден алып кетпейді ғой. Ал егер де әскерге шақырылған жігіт үйінде жалғыз бала болса және оның анасы зейнеткер немесе мүгедек болса, онда ол әскер қатарына алынбайды. Яғни, 27 жасқа дейін кейінге қалдырылады. Оған дейін анасы қайтқан жағдайда, әскер қатарына алынады.

3 наурыз 2011, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.