– Біз Жұмыскер-2 (Өркен) ықшамауданында тұрамыз. Таяуда қалалық емханалардың біріндегі окулистке келіп едім, мені Балықшыдағы емханаға жіберді. Айтыңызшы, біздің ықшамаудан қалаға жата ма, әлде Балықшыға ма?
Телефон арқылы
Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, Жұмыскер-2 ықшамауданы жеке Жұмыскер поселкелік округіне жатады. Округтің өзінің отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы бар. Онда тұрғындар алғашқы тексеруден өтіп, анализдер тапсыра алады. Белгілі бір саладағы мамандардың кеңесіне келер болсақ, аумақ бойынша Жұмыскер-2 тұрғындары Балықшыдағы №4 емханаға кіреді.