Атырау, 31 қазан 12:53
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Қарияларға көмектескім келеді

3 086 просмотра

- Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жалғызбасты қарияларға көмектесетін патронатты бикелер бар ма? Қалалық бөлімге олар қажет пе екен? Менің жалғызбасты қарияларға азық-түліктерін сатып әперіп, шаруашылықтарына көмектесуге бос уақытым бар. Патронатты бикелерге қандай талаптар қойылады, еңбекақы төлене ме және т.б.?

Сұраққа қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Рая ОРАЛОВА жауап берді: «Бізде үйлерге әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшеміз бар, біз жалғызбасты зейнеткер қариялар мен мүгедектерге көмек көрсетеміз. Қазіргі кезде бізде 315 жалғызбасты зейнеткер бар, оларға 302 әлеуметтік қызметкерлер көмектеседі. Олардың барлығы штатта тіркелген. Бізде штаттан тыс қызметкерлер жоқ. Сондай-ақ, мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету бөлімі бар. 16 әлеуметтік қызметкер 215 мүгедек балаға көмектеседі. Жалғызбасты қарияларға біздің қызметкерлер азық-түліктер сатып алып, коммуналдық қызметтерін төлейді. Пәтерлерін тазалап, кірлерін жуып, үйлерін әктеп береді.

Балалармен жұмыс кезінде негізінен психологиялық және педагогикалық көмек көрсетеді. Тұрмыстық заттарды (шанышқыны, қасықты) қолдануды үйретеді, ата-аналармен әңгімелеседі. Сондықтан бұл жағдайда медициналық және педагогикалық білімдері бар адамдарды іріктеуге тырысамыз. Әлеуметтік қызметкердің еңбекақысы азғантай, 22-23 мың теңге. Егер бұл оқырман көмек көрсеткісі келсе, ол хабарландыру бере алады. Оған сол арқылы хабарласулары мүмкін. Өйткені біздің көмегімізден тыс қалған жалғызбасты қариялар өте көп қой. Мәселен, ұлы немесе қызы Атырауда бөлек тұратын қариялар бар, мұндай қарияларды біз есепке алмаймыз. Біз тек жанында ешкімі жоқ қарияларға ғана көмектесеміз».

9 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.